• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:21:34
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2019 NEWS

Студенттерге "Жас қаламгер" атты балаларға арналған әңгіме байқауы жарияланды

Елімізде алғаш рет “Жас қаламгер” атты студенттер арасындағы балаларға арналған әңгіме жазу сайысы өтеді.

Елімізде алғаш рет “Жас қаламгер” атты студенттер арасындағы балаларға арналған әңгіме жазу сайысы өтеді.

 І.       Жалпы ережелер

  1.     Осы ереже Қазақстан Республикасында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан “Жас қаламгер” атты студенттер арасындағы балаларға арналған әңгіме жазу сайысының мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді.
  2.     “Жас қаламгер” сайысы “Астана кітап” баспасының ұйымдастыруымен 2019 жылы қаңтар айының 15-і мен ақпан айының 20-сы аралығында  өткізіледі.

ІІ.      “Жас қаламгер” сайысының мақсаты мен міндеттері:

-         мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;

-         балалар әдебиетінің дамуына үлес қосу;

-         студенттер арасындағы жас қаламгерлердің шебірлігі мен шығармашылық қабілетін шыңдау;

-         жастардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүріне, тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру.

ІІІ.     “Жас қаламгер”  сайысын ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

  1.    “Жас қаламгер” атты әңгіме жазу сайысына студенттер қатыса алады.
  2.    Сайысқа қатысушылар төмендегі сілтеме бойынша тіркелуі керек.

http://tiny.cc/zhasqalamger

2.1. Жазылған әңгімелерді [email protected] осы поштаға жіберу керек.

2.2. 3 бөлімді де бір .docx-ке теріп, жіберу керек. Жазылу тәртібі (шаблон) мен Бөлімдердің ережелері,тақырыптар төменде көрсетілген.

  1. “Жас қаламгер” атты әңгіме жазу сайысы 3 бөлімнен тұрады.

Қатысушы 3 бөлімнің де ережелеріне сәйкес әңгіме жазуы тиіс. Талап толық орындалмаған жағдайда қатысушы сайыстан шығарылады.

  1. Жазылған әңгімелерді “Астана кітап” баспасы автордың аты-жөнін сақтай отырып, өңдеуден өткізіп, қолдану құқығына ие болады.

“Жас қаламгер” сайысының бөлімдері жəне оларға тиісті талаптар.

        І бөлім

-        Əңгіме берілген тақырып бойынша жазылады.

-        Əңгіме көлемі 300-500 сөз аралығы болуы тиіс.

-        Əңгіме жазу барысында тек жай сөйлемдер ғана қолданылуы қажет (біріңғай мүшелерді қолдануға болады).

-        Әңгіме 1-3 сынып оқушыларының деңгейіне сәйкес жазылуы керек.

         ІІ бөлім

-        Әңгіме берілген тақырып бойынша жазылады.

-        Əңгіме көлемі 800-1500 сөз аралығы болуы тиіс.

-        Әңгіме жай сөйлемдер мен салалас құрмалас сөйлемдерді қолдану арқылы жазылуы тиіс (сабақтас құрмалас сөйлем мен аралас құрмалас сөйлем қолдануға болмайды).

-        Әңгіме 4-5 сынып оқушыларының деңгейіне сәйкес жазылуы керек.

          ІІІ бөлім

-        Әңгіме берілген тақырып бойынша жазылады.

-        Əңгіме көлемі 2000-2300 сөз аралығы болуы тиіс.

-        Әңгімеде жай сөйлемдерді, салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдануға болады.

-        Әңгіме 6-7 сынып оқушыларының деңгейіне сәйкес жазылуы керек.


ТАҚЫРЫПТАР

 

  •        Өзім туралы
  •        Мектеп
  •        Отбасы
  •        Достық
  •        Қоршаған әлем
  •        Саяхат
  •        Салт-дәстүр
  •        Ауыз әдебиеті
  •        Тағам
  •        Денсаулық
  •        Туған жер
  •        Табиғат
  •        Құндылықтар
  •        Уақыт
  •        Өнер
  •        Атақты тұлғалар
  •        Демалыс
  •        Мерекелер
  •        Мәдениет
  •        Мамандықтар
  •        Ғарыш әлемі
  •        Болашаққа саяхат

 

  1. IV. “Жас қаламгер” атты студенттер арасындағы балаларға арналған әңгіме жазу сайысын қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

 

  1.      Сайысқа қатысқан студенттер арасынан үздік жас қаламгерлер іріктеледі.
  2. Дəрежелі орындар анықталады.

                            І орын - біреу.

                            ІІ орын - біреу.

                            ІІІ орын - біреу.

  1.      Дəрежелі орын алған жас қаламгерлер бағалы сыйлықтар мен ақшалай марапатқа ие болады.
  2.      Жеңіп шыққан жас қаламгерлер “Астана кітап” баспасының қазақ тілі бөліміне жұмысқа шақырылу мүмкіндігіне ие болады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір