• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:40:05
Алматы
+35°

05 Шілде, 2018 Әлеумет

ШҚО-да Зыряновск қаласының атауын Алтай деп өзгертуі мүмкін

Жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері идеологиялық тұрғыда ескірген көшелердің атауын өзгерту туралы бастама көтерді.

ШҚО-ның картасында Алтай ауданы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Өскемен жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері идеологиялық тұрғыда ескірген көшелердің атауын өзгерту туралы бастама көтерді.

Қоғам белсенділері «Горняк» консультативтік-диагностикалық орталығында Зыряновск тұрғындарымен кездесіп, осы мәселені талқылаған екен. Аудандық ардагерлер кеңесінің басшысы, Зыряновск қоғамдық кеңесінің төрағасы Элла Гейгердің айтуынша, қаладағы Комсомольский, Советский, Пролетарский және тағы басқа көшелердің атауын өзгерту ұсынылды.

Сонымен қатар Зыряновск қаласының да атауын Алтай деп өзгерту туралы ұсыныс айтылды. Соған сәйкес, ауданның атауы да Алтай болмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір