• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:48:29
Алматы
+35°

16 Қараша, 2017 Аймақтар

ШҚО-да Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшелері марапатталды

ШҚО-да Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшелеріне аймақтағы бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін медаль табысталды.

ШҚО-да Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшелеріне аймақтағы бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін «Достық үйіне 25 жыл» мерейтойлық медальдары табысталды, -деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады.

Салтанатты іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова «Достық үйінің» 25 жылда бірлік пен келісім үйіне айналғанын атап айтты.

- Тура 25 жыл бұрын Өскеменде еліміздегі алғашқы Достық үйі ашылды. Осы жылдар бойы сіздер бірлік, бейбітшілік және жасампаздық жолында еңбек еттіңіздер. Бүгінде Сіздер еліміздің Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып жатырсыздар. Сіздер облыстағы жас белсенділерге үлгі болып табыласыздар. Сіздерге атқарған жұмыстарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын, - деді Әсем Нүсіпова.

Облыстық ҚХА, этномәдение бірлестіктердің мүшелеріне грамоталар мен «Достық үйіне 25 жыл» мерейтойлық медальдары, сондай-ақ, естелік сыйлықтар табысталды.

Естеріңізге сала кетсек, жуықта салтанатты мерейтойлық іс-шара барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов Достық үйіне Металлургтер Мәдениет үйінің тарихи ғимаратын беру туралы мәлімдеген болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір