• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:49:55
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2019 Әлем

Шырайлы шаһарлар суға шөгіп барады – 6 қала жер бетінен жойылуы мүмкін

Халық санының көптігі мен орналасу тығыздығы, алпауыт ғимараттар санының артуы қаланы табиғи апат алдында шарасыз жағдайға қалдыруы әбден мүмкін.


Жыл сайын теңіз деңгейі көтеріліп, әлемге әйгілі қалалар мен теңдессіз туристік орындарды су басу қауіпі артып келеді. Кейбір қалалар қазірдің өзінде қарқынды түрде су астына кетіп жатыр. Егер аралға баруды армандап, көргіңіз кеп жүрген қалалар болса, уақыт созбай саяхатқа шыққаныңыз жөн. Ғалымдардың айтуынша, кейбір қалалар жақын онжылдықта жер бетінен жойылуы мүмкін. Qamshy.kz ақпарат агенттігі зерттеушілердің пікірлеріне сүйене отырып, "суға батып бара жатқан" қалалар туралы деректер ұсынады.

мальдив

Мальдив – 1000-нан астам шағын аралдардан құралған табиғаттың теңдессіз сыйы. Соңғы жылдары осынау танымал туристік орынға инвесторлар қаржы салуды азайтқан. Себебі, сарапшылардың болжамына сәйкес Мальдив аралдары жыл сайын бірнеше сантиметрге су астына батып барады. Бүгінгі таңда Мальдив аралдарына жыл сайын мыңдаған тонна құм төгілуде. Олай болмаған жағдайда алдағы 30 жылдың ішінде аумағы 90 мың шаршы шақырымды құрайтын Мальдив аралдары толығымен су астында қалуы мүмкін.

венеция

2012 жылдан бері "Су қаласы" атанған Венецияда су деңгейі көтеріліп келеді. Тіпті, көшелерге көпірлер мен уақытша суасты жолдары да салынған. Жылына 5 миллиметрге суға батып бара жатқан Венеция үшін жыл сайын туристердің көбеюі де кері әсер етуде. Бір жылда бұл қаланы көруге әлемнен 10 миллионға жуық турист келеді екен. Адам санының артуы салдарынан су деңгейі екі есе көтеріліп кетуі мүмкін.

амстредам

Голландияның астанасы Амстердам қаласының орта ғасырда салынған ғимараттарының төменгі қабаттары су астына батып барады. Нидерландының ең танымал қаласында су деңгейі жыл сайын 8 миллиметрге көтерілуде. Каналы көп қаланың кей аймақтары алдағы 10 жылдықта толығымен су астында қалуы мүмкін деген болжамдар айтылуда.

манхэттен

Манхэттен қаласы теңіз деңгейінен небәрі – 4,5 метрге ғана биік орналасқан. Ғалымдар тек 2021 жылдың өзінде теңіз деңгейі 20 сантиметрге көтеріледі деп дабыл қағуда. Халық санының көптігі мен орналасу тығыздығы, алпауыт ғимараттар санының артуы Манхэттенді табиғи апат алдында шарасыз жағдайға қалдыруы әбден мүмкін.

Бангкок

Ғалымдардың Бангкок туралы болжамы да дабыл қағарлықтай. 2030 жылға қарай Тайландтың танымал қаласы су астына кетуі мүмкін. Толассыз жауатын жаңбырлы маусымның салдарынан бөлек, теңіз деңгейінің көтерілуіне қаладағы қонақүйлер мен үлкен ғимараттардың көбеюі де әсер етуде.

Шанхай

Бангкок "суға батып бара жатқан" Азиядағы жалғыз мегаполист қала емес. Оның қасына Шанхай шаһары да қосылды. Ол жыл сайын қарқынды түрде 10 сантиметрге су астына шөгіп барады. Жаһандық жылыну мен атмосфераның ластануы әлемдік маңызы бар қалалар мен танымал туристік орындардың жер бетінен жойылуына ықпал етуде.

Балжан Халық

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір