• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:31:19
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 Аймақтар

Шығысқазақстандықтар әлем бойынша бірін-бірі әлеуметтік желілерде іздеуде

Жуықта аталған парақшаларда туған өлке туралы фото-бейнеконкурс жариялау жоспарланып отыр.

«Facebook» және «Одноклассники» әлеуметтік желілерінде «Восточноказахстанцы всех стран, объединяйтесь!» деген парақшалар пайда болды. Бұл парақша планетаның әр бұрышында жүрген жерлестеріміздің басын қосты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстанда халықтың патриоттық рухын, кіші отанға, өз өлкесінің тарихына деген сүйіспеншілікті тәрбелеу бойынша белсенді іс-шаралар жүргізілуде.Мұндай жұмыстардың біздің заманда әлеуметтік желілерде жүргілуі тиімді болып табылатыны белгілі. Сондықтан облыс тұрғындарымен Шығыс Қазақстан тумаларының рухани бірлігін сақтау мақсатында Facebook» және «Одноклассники» әлеуметтік желілерінде «Восточноказахстанцы всех стран, объединяйтесь!», «Инстаграм» және «ВКонтактеде» - «I love VKO» атты   арнайы парақшалар құрылды. Мұнда аймақ тұрғындары мен басқа жерлерде жүрген жерлестерімізді хабардар ету үшін облыста болып жатқан маңызды жаңалықтар туралы ақпараттық материалдар жарияланып отырады. Осы интернет-қоғамдастықтың арқасында адамдар арасында жоғалған байланыстар орнатылып, алыс-жақын шетелдердегі шығысқазақстандықтар өз Отаны туралы жаңалықтарды оқып отыру мүмкіндіге ие болды.

ШҚО

Сонымен қатар, жуықта аталған парақшаларда туған өлке туралы фото-бейнеконкурс жариялау жоспарланып отыр. Үздік жарияланымдар бойына жеңімпаз атанғандар ақшалай сыйлық алады.

Қазақстандағы бұл пилоттық жоба аймақтағы және басқа да жерлердегі Желі қолданушыларының ортасында танымалдыққа ие болып үлгерді. Әлеуметтік желілерге https://www.facebook.com/groups/ilovevko/  https://www.instagram.com/i_love_vko/ сілтемелері арқылы жазылуға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір