• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:10:24
Алматы
+35°

28 Қараша, 2018

Қазан айында өткізілмеген «The Most Credible Award 2018» атауы «Silk Road Cohesion Awards 2018» деп өзгертілген кинофестиваль Шанхайда өтетін болады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Алматы қаласында өткен пресс-конференция кезінде актер Мұхаммед-Расул Көздібай хабарлады.

15-16 желтоқсанда Шанхайда халықаралық «Silk Road Cohesion Awards 2018» атты өтеді. Аталмыш кинофестивалға әр тараптағы елдерден қонақтар келеді. Қуантарлығы, кинофестивальде отандық туындылар көрермен назарына ұсынылады.

Мұхаммед-Расул Көздібайдың айтуынша, бұл кинофестиваль қытайлық серіктестердің өтініші бойынша қазан айынан желтоқсан айына өзгертілген.

«Silk Road Cohesion Awards 2018» кинофестивальінде қазақстандық 10 фильммен қатар Ресейдің кинокартиналары да көрерменге жол тартады.

«Көрерменге ұсынылатын фильмдердің қатарында Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жолы», Нұртас Адамбайдың «Лифті», Мейірхан Шерниязовтың «Регистраторы» бар. Басқа да туындыларды қытайлық ұйымдастыру комитетімен кеңесу арқылы таңдап, талдайтын болаымыз. Бірнеше фильмдер қытайлық кинопрокатқа шығу мүмкін. Біз таңдаған және бізге ұсынған фильмдердің арасынан   фильмді таңдаған болатынбыз. Әзірге 3 қазақстандық фильм қытайлықтарға ұнады. Бірақ таңдау әлі жалғасуда. Ал толық тізім желтоқсан айының басында жарияланады. Біз тізімге енген қазақстандық туындылардың саны көп болады деп сенеміз. Кейін кинофестивальде отандық продюссерлер, режиссерлер, актерлер марапатталатын болады. Біз Қытайға еліміздің бәсекеге қабілетті мәдениетін, киноиндустриясын көрсеткіміз келеді» дейді Мұхаммед-Расул.

Кинофестивальге Ип Ман ретінде көрермен есінде қалған Донни Ян секілді  Қытайдың танымал актерлері, танымал режисерлермен қатар әлемдік жұлдыздар қатысады. Сонымен бірге құрметті қонақтардың қатарында әлемдік жұлдызға айналған Димаш Құдайберген де болуы мүмкін. Алайда әзірге белгісіз. Қазақстанның басқа да жұлдыздары аталмыш шараға қатысады.

«Шараға қазақстандық актерлердің қатарында Санжар Мадиев, Майірхан Шерниязов, Азиз Бейшеналиев, режиссерлер Ақан Сатаев, Асқар Бисембин қатысады. Сонымен бірге Алматы әкімі мен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын да шараның құрметті қонағы болуға шақырғымыз келеді. Ал біз ұйымдастырушылар ретінде 14 желтоқсанда сапарға шығамыз. KOZ Production «Жаңа Жібек жолы – бір белбеу, бір жол» бағдарламасы аясын дамыту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біздің компания Қытаймен келісімшартқа қол қойған Қазақстандағы жалғыз компания болып табылады» дейді Мұхаммед-Расул Көздібай.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір