• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:21:08
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2019 Әлем

Расында да солай шығар. Мысалы, қазақтың еті, өзбектің палауы туралы сөз еткенде, ең алдымен жұртшылықтың  көз алдына сол елдің ұлттық тағамы келетіні сөзсіз.

Жақында Әлемнің мәдени –гастрономиялық халықаралық қауымдастығы 33 елдің туристерінен сұрау салып, «әр ұлттың негізгі тағамы не?» деген сауалға жауап беруін өтінген. Сауалнама қорытындысы қандай дейсіз ғой?

Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, сауалға жауап бергендердің басым көпшілігі, яғни 90 пайызға жуығы орыстардың негізгі ұлттық тағамы арақ, борщ және қара уылдырық деп атап көрсеткен.

Бұған намыстанған орыстың бірқатар ұйымдары қазір осы зерттеуге наразылығын білдіруде. Олар «орыс асханасы өте бай, қу арақтың бұл жерге қатысы қанша? Туристердің жауабы бұрмаланып көрсетілген» деп ренішін білдіріп жатқанға ұқсайды.  

Орыстардың бұл қарсылығына  Әлемнің мәдени –гастрономиялық халықаралық қауымдастығының мамандары «алдағы уақытта орыс асханасы мен ұлттық тағамына және  дастархан мәзіріне қатысты кеңірек сауалнама жүргіземіз» деп уәде берген көрінеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір