• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 20:16:36
Алматы
+35°

16 Қараша, 2017 Әлеумет

Сарапшылар алматылықтарға сұмдық хабарды естіртті

Алматы - жер сілкінісі жиі болатын 3 қаланың біріне кіреді

Алматыда 2 баллдық жер сілкінісі болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы  тұрғындары үшін жер сілкінісі тақырыбы әркезде де маңызды. Көп жылдар бойы қатты жер сілкінісінің салдары қандай болуы мүмкін екендігі және қала оған дайын ба деген тақырып қызу талқыланып келеді.

Prohunt.kz порталының мәліметінше,  Алматы жер сілкінісі жиі болатын 3 қаланың біріне кіреді. Алматыдан бөлек көшбасшы үштікте Бішкек және Катманду қалалары бар. Сарапшылар Алматыда қатты жер сілкінісі болса қандай жағдай орын алуы мүмкін екенін болжап көрді.

2008 жылы «Алматы қаласының жер сілкінісі болу қаупін зерттеу басқармасының» өткізген халықаралық семинарында жапондық сарапшы Сэгава Сюке бірнеше болжамдарымен бөліскен.

  1. 1887 жылы 8-ден 9 баллға дейін болған Верныйдағы жер сілкінісі. Табиғи апат салдарынан 236 адам көз жұмды.
  2. 1889 жылы жер сілкінісі 7-ден 9 баллға дейін болған Шелек жер сілкінісі.
  3. Кемин жер сілкінісі 1911 жылы болды. Табиғи апат 8-ден 9 баллға дейін болды. Соның нәтижесінде 44 адам көз жұмды.

Сэгава Сюкенің ойынша, осы үш сценарийдің бірі Алматыда қайталанса, жағдай бұрынғымен салыстырғанда әлде қайда ауыр болады.

Жапон сарапшысының болжауынша, Верныйда болған жер сілкінісі қайталанса 25 мың адам көз жұмады және 25 мың ғимарат қирайды.

Ал Шелек жер сілкінісі қайталанса 5300 ғимарат құлап, көз жұмғандардың саны 2 мың адамға жетеді.

Кемин жер сілкінісі қайталанса 15400 ғимарат қирайды. 10 мың адам көз жұмады.

Қала тозаққа айналады

2012 жылы биофизикалық экология орталығының басшысы Виктор Инюшин мен «Амансаулық» қорының президенті Бахыт Түменова «Время» газетіне берген сұхбатында 8-10 баллдық жер сілкінісі болса қалада қандай жағдай орнайтыны туралы өз болжамымен бөлісті.

Виктор Инюшиннің ойынша, эпицентр дәл қалада болады. Үйлер құлайды. Қала бойынша жүргізілген газ құбырлары жарылып өрт болады. Адамдардың жартысы үйіндінің астында қалып көз жұмса, қалған бөлігі өртеніп мерт болады.

Көліктің көптігінен қалада кептеліс болады. Басқа қаладан ешкім көмекке келе алмайды. Жолдардың барлығы жабық болады.

Алматыдағы жер сілкінісі Қазақстанға қалай әсер етеді?

Сарапшылардың ойынша, Алматыдағы жер сілкінісі елдің IT-инфрақұрылымын тығырыққа тірейді.

Computerworld.kz порталы Қазақстанның статистика Агенттігінің мәліметіне сүйеніп Қазақстанның мемлекеттік секторында 1507 ведомствалық дата орталық бар екенін жазады. Оның 1382-і  Алматыда орналасқан. Тек 50-і ғана Астанада.  

Егер Алматыда мәліметтерді өңдеу орталықтары қирайтындай жер сілкінісі болса Қазақстан бойынша жұмысқа қабілеттілердің тек 125-і ғана қалады. Оның 50-і Астанада орналасқан.

Сарапшылардың ойынша, елдің ЖІӨ-не зиян келеді. Мәселен, экономист Төлеген Асқаров «Мозговой Штурм» бағдарламасында елдің жылдық ІЖӨ 30%-дан 50%-ға дейін жоғалтуы мүмкін.  

Никита Данилин

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір