• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:36:03
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2019 NEWS

Сағадиев мектеп директорларына «жұмыстан босатамын» деп ескерту жасады

ЮНИСЕФ-тің мәліметіне сәйкес, 62 пайызға жуық қазақстандық оқушылар түрлі қысымға тап болады екен

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қандай да бір мектепте балалар арасында төбелес орын алып, ол әр жерге таралатын болса, жергілікті әкімдіктерге мектеп директорларын жұмыстан босатуға ашық түрде бұйрық беретінін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

«Ережеге сәйкес, министрлік осы уақытқа дейін мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына ешқандай шара қолданбады. Бұл – жергілікті атқарушы органдардың міндеті. Алайда, осы жылдан бастап қандай да бір мектептің директорын қызметінен босату туралы ұсыныстарымызды біз ашық түрде жеткізетін боламыз. Әсіресе, оқушылар арасында төбелес көп болатын мектептерге қатысты», - деп айтып өтті министр Сағадиев.

ЮНИСЕФ-тің мәліметіне сәйкес, 62 пайызға жуық қазақстандық оқушылар түрлі қысымға тап болады екен.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір