• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:29:46
Алматы
+35°

17 Наурыз, 2018 Оқиғалар

Ресейде сайлауға қатысты үгіт-насихат жұмыстары тоқтатылды

Ресей Федерациясында сайлау алдындағы үгіт жұмыстарына тыйым салынған тыныштық күні өтіп жатыр.

Ресей Федерациясында сайлау алдындағы үгіт жұмыстарына тыйым салынған тыныштық күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

«РФ Президентін сайлау туралы» заңға сәйкес, телеарналар мен радиоларда, баспасөздер мен желілік баспаларда жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-ден бастап үгіт-насихат жұмыстары тоқтатылады. Үміткерлер мен партиялар 17 наурыз күні үгіт жүргізбейтін болады.

Олар шеру немесе сайлаушылармен кездесу өткізіп, үгіт парақшаларын тарата алмайды. Азаматтар сайлаушылардың жайлылығы үшін мұндай заңнама бірқатар әлем елдерінде де енгізілген. Орталық сайлау комитетінің хатшысы Майя Гришина жұмада тыныштық күні үгіт, сайлауға байланысты лотореялар жүргізуге болмайтынын ескертті.  

Бұл тыйымның Орталық сайлау комитеті мен аймақтық комиссиялардың сайлауға қатысу туралы үгіт жұмысына қатысы жоқ. Тыныштық күнінен кейін дауыс беру күні басталады. Ол уақытта да үгіт жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған. Тыйым 18 наурыз күнгі 21:00-ге дейін, Калининград облысының ең соңғы сайлау учаскесі жабылғанға дейін күшінде болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір