• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:27:28
Алматы
+35°

12 Қараша, 2018 Саясат

Ресей ССРО-ның ыдырауын қайталай ма?

Демек, Ресей үшін - бұл мемлекеттік суицидтің көрінісі.

АҚШ-тың қысқа және орта қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімнен  шығу туралы мәлімдемесі әлем жұртшылығын, ең алдымен Ресейді ойран-асыр қалдырғаны рас. Қазіргі кезде осыған қатысты жүріп жатқан келісісөздер мен пікірлердің барлығы да «ары қарайғы жағдай қалай болады?» дегенге саяды.

Тарихқа жүгінер болсақ, 1987 жылы АҚШ президенті Рональд Рейган мен ССРО -ның бірінші және соңғы басшысы Михаил Горбачевтің келісімі бойынша  Еуропа құрлығында  орташа және қысқа қашықтықтағы зымырандарды орналастыру тоқтатылды.  Айта кететін бір жайт, бүгінгі күнге  дейін Америка Құрама Штаттары аталған келісімнен ресми түрде шыққан жоқ. Бірақ Дональд Трамп пен Болтон осы қадамның сөзсіз орындалатынына  күмән келтірмей отыр.

–1987 жылы жасасқан келісім қазір ескірмейді. Бірақ бұл – көпқырлы әлемде жұмыс істеген «қырғи-қабақ соғыс дәуірінің» басты шарты. Өкінішке қарай, Ресей аталған келісімді орындамады. Сондықтан бізге келісімшартты тоқтатып, одан шығуға тура келеді, – деді Джон Болтон Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында журналистерге.  

АҚШ тарапы бұған қатысты өз ұстанымын ашық айтты. «Оның ұзақ тарихы бар. АҚШ-тың қысқа және орта қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімнен  шығуы бүгін басталып отырған жоқ. Ол Обама басшы болған кезде де көтерілді.  Сондықтан Трамп бұл келісімді Ресейдің толыққанды орындамай отырғанын ескере отырып бас тартуға мәжбүр.

Шын мәнінде, Батыс қоғамы қазіргі таңда «Ресей - жау» идеясына  біріктіріліп отыр. Кремль Америка Құрама Штаттары мен Ресей арасындағы  келісімге қатысты  міндеттемелерді тастағаны белгілі. Сондықтан да, бұл мәселе түбінде күн тәртібіне шығатыны белгілі еді.

Әрине, экономикасы әлжуаз Ресейге оңайға соқпайды. Ресей қазынасынан бөлініп жатқан  46 миллиард доллар көлемінде әскери бюджетпен орыстар АҚШ-пен бәсекеге түсуі өте қиын. АҚШ әр жылда әскери мұқтажына 700 миллиард доллар жұмсайтын ел. Демек, қаншама тырысқанымен, Ресей үшін жанталаса қарулану – үлкен шығын. Ол бір. Екіншіен, Ұлыбритания жылына әскери салаға 60 миллиард АҚШ долларын жұмсайды. Бұған  40 миллиард доллар әскери бюджеті бар Франция мен Германияны қоссаңыз, Осыдан-ақ Ресейдің жалғыз қалғанын бағамдауға болады. Демек, Ресей үшін - бұл мемлекеттік суицидтің көрінісі.

...1991 жылы ССРО -да осылай ыдыраған.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымның кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір