• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 09:01:38
+35°

20 Ақпан, 2019 Оқиғалар

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық соты "өгей баласын ұрып өлтірді" деген айып тағылған Ерболат Жолдасовты кінәлі деп тауып, 8 жыл бас бостандығынан айыруды үкім етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Азаттықтың дерегін негізге алып. 

"1996 жылы туған Ерболат Жолдасов Қылмыстық кодекстің 106-бабымен айыпты деп танылып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы тағылған айыпты толық мойындап, жасаған қылмысына өкінетінін айтқан" деді соттың баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенби.

♦Шымкентте "азанды дұрыс шақырмадың", - деп 5 жастағы баланы ұрып өлтірген (фото)

Соттың хабарлауынша, Жолдасов былтыр 5 желтоқсанда Қарабастау ауылындағы жеке үйінде 5 жасар өгей ұлын "құптан намазын" дұрыс оқымағаны үшін ұрып, денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтірген. Алған дене жарақатынан бала 6 желтоқсанда ауруxанада қайтыс болған.

Сотталушы жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір