• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:42:09
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2019 NEWS

Қос қарындасын жауыздықпен өлтірген жігіттің қылмысы бірнеше жылдан соң ашылды

Қарындасын жек көретін 16 жастағы бозбала одан құтылудың жолын іздеп, ақыры өлтіріп тынады.

Ауыр қылмыс 1995 жылдың сәуірінде Павлодар қаласында жасалды. Қарындасын жек көретін 16 жастағы бозбала одан құтылудың жолын іздеп, ақыры өлтіріп тынады. Екінші қарындасының мұны жайына қалдырмайтынын білген соң оны да өлтірді. Жалпы оқиға былай болған.

Анастасия Сушкова ұлын нан алып келу үшін дүкенге жібереді. 8 жастағы қарындасы Катя да ағасымен бірге барғысы келеді. Не керек, 14 жастағы Ира да соңдарынан еріп барады. Арада бір сағат өтеді, нан да жоқ, қыздар да жоқ. Алайда 16 жастағы Виктор аулада жүр екен. Мұны байқаған анасы Виктордан қарындастарын іздеуді сұрайды. Жігіт көшеге шығып кетеді де, қарындастарын емес, үйге нан сатып әкеледі. Кешке жұмыстан әкелері келіп, қыздарының жоғалып кеткенін естиді. Үйге кірер-кірмес іздеуге көшеді. Апалы-сіңліні іздеуге полиция да, Сушковолардың көршілері де араласты. Бірақ нәтижесіз...

Бұған ана жүрегі шыдар ма, өз-өзіне қол жұмсауға дейін барды. Ақыры мұны істеді. Қыздарының жоғалғанына бірнеше күн өткен соң Настя балшыға барады. Барады, бірақ қайтпайды... Әйелі ұзақ уақыт бөгелгендіктен күйеуі іздеуге шығады. Көп қадам аттап баспай-ақ ер адам үй ауласындағы әткеншекке асылып тұрған әйелінің денесін байқады. Құтқармақ болды, бірақ бәрі кеш. Сушковолар отбасынан тек әке мен бала қалды.

 Арада 3 жылға жуық уақыт өткен соң Андрей Петрұлы қайта үйленді.

Жаздың бір күнінде Андрейдің екінші әйелі моншаны қыздырмақ болып, күйеуінен ағаш терезелер мен орындықтарды шығаруды өтінеді. Моншаны тазалап жүріп Андрей едендерді де кептіріп алуды жөн көреді. Бұрын соңды мұны жиі істейтін, алайда бір жыл бұрын ұлы неге екені белгісіз еденге плинтус шегелеп тастаған. Әкесі ұлына ашуланып жүріп, еденді ақыры ашады. Ашады да бір сұмдықты көзі шалады. Еден астындағы судың бетінде үлкен қызы Ираның қызыл шалбары жатыр екен. Жүрегі дауалаған әке бірден полиция шақырады.

Жедел тергеу тобының қызметкелері келіп, еден астындағы судың түбінен адамның денесін алып шығады. Андрей үлкен қызы Ираны бірден таныды. Полиция қызметкерлері су астынан Андрейдің екінші қызының да денесін алып шықты. Бұл оқиғадан соң полицейлер дереу Викторды ұстап, бөлімшеге алып кетеді. Ер жеткен азамат өз қылмысын бірден мойындады, алайда ісіне мүлдем өкінбепті. Осылайша Андрей отбасынан түгел айырылады.

Қылмыс қалай болды?

Сәуірдің сол қаралы кешінде Виктор нанға бармақ болып, өзімен ас үйден пышақ алып шығады. Ағасымен бірге баруды қалаған қарындасын моншаға қарай сүйрейді. Есікті жабады да қарындасын бірнеше рет пышақтайды. Артынан ерген екінші қарындасы да ағасының моншаға беттегенін көріп, артынан жүреді. Виктор өзінің қылмысын Ирадан жасыру үшін оны да пышақтап өлтіреді. Сөйтіп қарындастарының денесін еденнің астындағы суға толы шұңқырға тығады. Ал пышақты жуып-шайып, орнына апарып қояды. Әрі қарай Виктор түк болмағандай тіршілігін жалғастырған. Ал мұның себебін сұрағанда, кішкентай қарындасының кесірінен достарымен ешқайда шыға алмайтынына, Катяға қарап  үйде қалып қалатынына ашуланған екен.

Сот оны бірнеше жылға бас бостандығынан айырды, ал қазір Виктор бостандықта. Бір қызығы жігіттің психикасы қалыпты, есірткі пайдаланбаған, ішімдік ішпеген, алайда жауыздықпен адам өлтірген.

P.S. кейіпкерлердің есімі өзгертілген

Василий Голышкин, sputnik.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір