• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:36:53
Алматы
+35°

21 Наурыз, 2018 NEWS

ҚМДБ төрағасы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

«Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) баланы атқа мінгізіп, садақ атуға, суда жүзуді үйретіп, күрестіруді өсиет еткен.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Шуақты көктемнің келгенін білдіретін наурыз - халқымыз үшін мерекелі һәм берекелі ай. Қыстан шығып, көңілі көлдей шалқыған көшпелі жұрттың тұрмысында ерекше орын алған ұлттық мейрамымыз осы айдың еншісінде.

Ұлыстың ұлы күнінде жасалатын ұлттық әдет-ғұрыптардың ұрпаққа берер тәрбиесі мен тағылымы мол. Асыл дінімізбен үйлескен ұлттық мерекеміз адамзат баласын бауырмалдық пен татулыққа, мейірбандық пен достыққа үндейді.

Дұғагөй әжелердің жасаған наурыз көжесі - мерекенің мәнін келтіретін нышан. Шын көңіл-ниетпен жасалып, ұсынылған ас адамдар арасында мейірімділік пен кешірімділік сынды асыл қасиеттерді қалыптастырады. Бұл күні ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырылады. «Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) баланы атқа мінгізіп, садақ атуға, суда жүзуді үйретіп, күрестіруді өсиет еткен.

Наурыз мейрамы күндері сауапты амалдардың бірі ағаш отырғызу, көрші-қолаң, құда-жекжат, ағайын-туысты аралап, аман-саулық сұрасу, кешірім сұрау, қайырымдылық жасау.

Қадірлі бауырлар, баршаңызды ұлтымыздың ұлық мейрамы - Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Күллі түркі жұртының төл тойы - әз Наурыз еліміздегі түрлі ұлтты ұйымшылдыққа ұйыстырып, кешірім мен мейірімнің мерекесіне айналып келеді. Достық пен татулықтың, бауырмалдықтың, игілік һәм бірліктің, ізгілік пен ізеттіліктің мейрамы құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Алла Тағала халқымызға әрқашан амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп еткей. Тәуелсіздігіміз баянды болғай!», - делінген құттықтауда.    

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір