• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:52:01
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 NEWS

Қытай тұрғыны екі бәлішті 23 мың долларға сатып алған

Қытайлық өз шотынан бұл соманың қалайша алынғанын өзі де білмеген.

Қытайдың Чжэнчжоу қаласының тұрғыны бәліш сатып алу кезінде электронды Alipay төлемдерін пайдаланған. Көшедегі дүкендердің бірінен буға пісірілген екі  «баоцзы» аталатын бәлішті 147 мың юаньге (23 мың долларға) сатып алған. Қателіктен бе әлде жүйенің бұзылуынан ба екі бәлішке 23 мың доллар төлеп, онысын байқамай да кеткен. Бұл туралы РИА Новости жазады.

Негізінде  ет пен көкөністен тұратын бәліштің бағасы 1,5-5 юань арасында құбылады. Қытайлық өз шотынан бұл соманың қалайша алынғанын өзі де білмеген.

Бұл жағдайды дүкен сатушысы айлық есепшот жүргізіп жатқанда шотта артық 147 мың юань барын аңғарған. Бір клиенттің шатасып артық төлеп қойғанын болжаған ол, басшылыққа жағдайды жеткізген. Дүкен иелері сатушыны бұл әділдігі үшін сыйақымен марапаттаған.

Нәтижесінде, басшылық полициямен байланысып, БАҚ арқылы бәлішті сатып алған клиентті тапқан. Оған Alipay компаниясы қызметкерлерінен қателік кеткенін хабарлап, ақшасы қайтарылатынын мәлімдеген. Клиент бастапқыда бұл жағдайға сенбей әлдебір пранк екен деп қалған.

Өткен аптада жергілікті полиция бөлімшесінде қытайлық тұрғынға ақшасын аман есен қайтарып берген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір