• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:37:06
Алматы
+35°

15 Қаңтар, 2019 Саясат

Қытай теңізден АҚШ-қа ядролық соққы беруге дайын

«Қытай қаупі» деген мәселе барша адамзатты алаңдатып отыр

Ғалам Қытайдан сескенеді. Жыл сайын «Қытай қаупі» деген мәселе барша адамзатты алаңдатып отыр. Тіпті бұл жағдай мұхиттың ар жағындағы Американы да мазалай бастады. Десек те, әлемдік сарапшылардың бағалауынша, Қытайдың ядролық арсеналы онша көп емес. Азиядағы ең қуатты мемлекет саналатын Қытайда 300 –дей ядролық оқтұмсық бар. Ал АҚШ пен Ресейде мұндай оқтұмсықтардың саны шамамен алғанда 7 мыңдай.  Бірақ америкалық әскери мамандардың есебінше, Қытайдың бірнеше суасты бомбасының өзі АҚШ-қа орасан зор шығын әкеледі. Оның үстіне олар шамалы уақыт бұрын жаңадан жаңадан ракеталық оқтұмсықты сынақтан өткізді. Жаңа қару АҚШ-тың территориясына емін-еркін жетеді. Америка әскерилерінің де алаңдап отырғаны осы. Аталған JL-3 ядролық оқтұмсығы Сары теңізде сынақтан өткізілді және ол 9 мың шақырым қашықтыққа ұшып бара алады.  Әрине бұл америкалық және ресейлік ракеталарға қарағанда әлсіздеу. Әзірге Қытайдың суасты флоты туралы ақпарат аз. Пентагонның хабарлауына қарағанда, олардың Jin типтегі төрт суасты қайығы бар. 2020 жылдан кейін Қытай теңіз әскери күшін күшейтуді көздеп отыр. Демек, алдағы уақытта АҚШ-пен бәсекелес күшейе түседі. Бұған негіз де бар. Алдағы уақытта Қытай америкалық оқтұмсықтармен бәсекелесе алатын JL-3 типіндегі 12 мың шақырымдық ядролық оқтұмсықтарды өндірістен шығаруды жоспарлап отырған көрінеді. Ал Қытайдың қазіргі қолданыстағы JL-2  типіндегі ядролық оқтұмсықтары 7400-8000 шақырымға жетеді. Мұның өзі Еуропаның бірқатар бөлігін, АҚШ-тың үлкен аумағын, Үндістан мен Ресейдің барлық аудандарын жойып жібере алатынын айта кету керек.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір