• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:23:00
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2019 NEWS

Қылмыскер: Денис Тенді өлтіргім келген жоқ, тек ақша табуды көздедім

Денис Теннің өліміне кінәлі деп танылған Арман Құдайбергенов марқұмның отбасынан кешірім сұрады

Денис Теннің өліміне кінәлі деп танылған Арман Құдайбергенов марқұмның отбасынан кешірім сұрады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КазТАГ сайтына сілтеме жасап.

«Денис Теннің отбасынан және бүкіл қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Мен оны өлтіргім келген жоқ, жәй ғана ақша табуды көздедім. Бұрындары сотты болғандықтан жұмыс таба алмадым. Мойындаймын, ұрлық жасадым. Мен оны ауыр жарақаттаған жоқпын, менің қолымда оған қатты зақым келтіретіндей суық қару болмады. Қасақана өлтірді дегенге келіспеймін, біз тек ұрлық жасаймыз деп келіскен болатынбыз», - деп айтты Арман Құдайбергенов жұма күні тергеу барысында.

Айта кетейік, бұл іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралуда. Сот отырысы судья Кеңшілік Әбделдиновтің төрағалығымен өтіп жатыр. Бүкіл елді шулатқан бұл қылмыстық іске Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева кінәлі деп танылған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 19 шілдесінде қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тен Алматы қаласында пышақ жарақатынан көз жұмған болатын. Денис Тен көлігінің айнасын ұрламақ болған қарақшылармен төбелесіп, екі қылмыскер оған пышақ жарақатын салғаны белгілі болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір