• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:53:41
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2019 Аймақтар

Қазіргі қазақ әдебиеті антологиясын әлем тілдеріне кімдер аударады?

Аталмыш жоба аясында қазіргі қазақ әдебиетін БҰҰ-ның 6 тіліне аударуға байланысты «Ұлттық аударма бюросы» өткізген кезекті жиын Алматы қаласында өтті

Әлем қазіргі қазақ әдебиетімен танысады. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениеті» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиеті антологияларын БҰҰ-ның 6 тіліне аудару жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш жоба аясында қазіргі қазақ әдебиетін БҰҰ-ның 6 тіліне аударуға байланысты «Ұлттық аударма бюросы» өткізген кезекті жиын Алматы қаласында өтті. Жиында Ұлыбритания, Испания, Ресей, Франция және Қытайдан келген аудармашылар мен әріптес ұйымдардың өкілдері жұмыс барысы жайлы баяндамалар жасап, авторлармен пікір бөлісті.

Алматы

Осы жұмысқа қатысып жатқан Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей және Қытай аудармашылары мен әдебиетшілері, аударма және баспа ұйымдарының өкілдері шығармалары қазіргі қазақ әдебиеті антологиясына енген авторлармен кездесу үшін Қазақстанға арнайы сапармен келген.

Жиынды ашқан «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлы өз сөзінде бұл – жылдар бойы күткен жоба екендігін айтып, оның маңыздылығына тоқталып өтті.

Рауан

«Бұл жоба ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі. Жоба тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті, музыкасы мен бейнелеу өнерін, хореография, кино және театр саласындағы жетістіктерді әлемге танытуды мақсат етеді. Соның ішінде, аталған жоба аясында қазіргі қазақ прозасы мен поэзия жинақтарын 6 тілге аудару қолға алынды.

Бұл жоба баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейді. Қолға алынған жұмыстан барынша сапалы нәтиже көрсетіп, бүкіл дүние жүзі оқырмандардың көңілінен шығу үшін әлем бойынша ең беделді ұйымдар мен аудармашыларды жұмысқа тартқымыз келді. Бүгінде бұл жұмыстың бел ортасына таяп қалдық», - деп айтып өтті Рауан Кенжеханұлы.

Алматы

Айта кетейік, ағылшын тіліне аударылған шығармалар тек Ұлыбритания үшін ғана емес, ағылшын тілінде сөйлейтін АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия және Канада секілді елдердің де оқырмандарына ұсынылатын болады.

Ең үлкен тәржімашылар тобының Кембриджден келгенінен хабардар етті. Испан тілінен тәржімалайтын профессор Хоакин Энрике Торкемада Санчес, француз тіліне аударумен танылған ақын Кристина Зейтунян-Белоус, ресейлік жазушы Максим Замшев, поэтикалық аударма саласының маманы Александра Шевелева, жеті тіл білетін электрохимиялық ғылымдардың докторы Филип Риго, Қазақстан мен Ресейге ортақ әдебиетші, ақын Владимир Бояринов, Қытай еліндегі танымал қазақ қаламгері Әкпар Мәжит, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінде кембирдждік аудармашылармен тікелей жұмыс істейтін Әсия Бағдаулетқызы аудармадағы кейбір қателіктер мен жұмыс барысында туындаған қиындықтарға тоқталып өтті.

Алматы

Қазіргі қазақ әдебиетін 6 тілге аудару жұмысына әр елден қандай ұйымдар мен аудармашылар атсалысатыны жайында айтып өтейік.

Қазақ әдебиеті жинақтарын ағылшын тіліне аудару, басып шығару және тарату жұмысы Кембридж университеті баспасының қатысуымен іске асуда. Аталмыш университет баспасы жобаға тәжірибелі аудармашылар мен беделді әдебиетші мамандарды тартқан. Британдық әріптестер «мәдени индукция» тәжірибесін қолдануды ұсынды. Осы сапар барысында антология жобасына қатысушы шетелдік мамандар қазақстандық авторлармен аудармаға байланысты туындаған сұрақтарын талқылап қана қоймай, Қазақстан мәдениеті, тарихы және қазіргі тыныс-тіршілігімен терең танысатын болады.

Қазіргі қазақ әдебиеті антологиясын испан тілінде сөйлетуге Испания мәдениет министрлігі қолдау көрсетіп, әйгілі «Сервантес институты» кеңесші ретінде қатысады. Жобаға Еуразия және Орталық Азия елдері әдебиетін аударуға маманданған тәжірибесі мол аудармашылар тартылған.

Антологияның француз тіліндегі нұсқасын дайындауға Париж қаласының мэриясы және Франция ұлттық кітап орталығы қатысса, орыс тілінде мәтін аудармасы мен әдеби редакциясы жұмысын үйлестіруге Ресей жазушылар одағының мәскеулік ұйымы, ал жинақты басып шығару мен таратуға М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің баспасы атсалысады.

Алматы

Қазақ әдебиетінің жинақтарын қытай тіліне аудару, басып шығару және таратумен Қытай Халық Республикасының «Ұлттар баспасы» айналысады.

Жинақтарды араб әлеміне Египет Араб Республикасының Мәдениет және білім орталығы таныстыратын болады.

Алматы

Міне, осындай серіктес-ұйымдар аударма, басып шығару, тарату-насихаттау жұмыстарына 50-ден аса маман тартып, қазіргі таңда ағылшын, француз, орыс және испан тілдеріндегі жолма-жол аударма жұмысы аяқталды. Ал қытай және араб тілдеріндегі жолма-жол аударма жұмысы әлі жүріп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір