• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:46:23
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2019 NEWS

Қазақстандықтардың саны 18,4 миллионға жуықтады

Қазақстан халқының саны 2018 жылдың 1 желтоқсанына бастап 1,21 пайызға өсіп, 18 376 000 адамды құрады

Қазақстан халқының саны 2018 жылдың 1 желтоқсанына бастап 1,21 пайызға өсіп, 18 376 000 адамды құрады. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Статистика комитетінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Әдеттегідей, халық саны Шымкент (6,19%), Астана (3,84%), Алматы (2,76%), Маңғыстау (2,49%) және Атырау (1,97%) қалаларында өскен.

Дегенмен, елдің бес аумағында халық санының азаю процесі де байқалады: Солтүстік Қазақстан облысы (-0,64%), Шығыс-Қазақстан облысы (-0,34%), Қостанай облысы (-0,28%), Қарағанды және Павлодар облысы (-0,12%). Сонымен қатар, Түркістан облысы Шымкенттен бөлініп шыққаннан кейін халық саны сәл төмендеген, ал 1 желтоқсаннан бастап қайтадан демографияның өсімі байқалады.

нақты айтсақ, республиканың төрт өңірінде ғана көші-қон процесі оң нәтиже көрсеткен: Шымкент, Алматы, Астана және Маңғыстау облыстары. Ал басқа аумақта бұл керісінше айтарлықтай жақсы нәтиже бермеді.

2018 жылдың 1 желтоқсанында Шымкент қаласын тұрғындарының саны 1 011 мыңға жетсе, Алматы қаласында 1 852 мың көрсеткішке жетті, ал Астанада - 1 070 мың халық тұрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір