• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:11:04
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2019 Спорт

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтанов мексикалықты нокаутқа түсірді

Әшкеев пен Нұрсұлтановтың мүдделерін америкалық Main Events промоутерлік компаниясы мен менеджер Эгис Климас қорғайды

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Рамон Агинагимен сегіз раундқа созылған кездесу өткізді. Қазақстандық боксшы оны екінші раундта нокаутқа түсірген. Осылайша Нұрсұлтан кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне жетіп отыр.

Бокс кеші аясында тағы бес жекпе-жек өтті. Кештің ең басты шоуы қазақстандық Мадияр Әшкеев пен пуэрторикалық Луис Эрнандестің кездесуі болды. Әшкеевтің жекпе-жегі он раундқа созылды. Нәтижесінде судьялардың шешімімен Әшкеев жеңіске жетті.

Айта кетейік, Әшкеев пен Нұрсұлтановтың мүдделерін америкалық Main Events промоутерлік компаниясы мен  менеджер Эгис Климас қорғайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір