• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:03:18
Алматы
+35°

22 Қараша, 2018 Кәсіпкер

«Қазақстан» ТРК  басшысы Ерлан Қариннің назарына!

Өзіңізден қуанышты хабар күтуші, Қазақ телевизиясының ардагері, Қазақ журналистикасының қайраткері Жұмаш Кенебай (Көкбөрі)

 Ашық хат!

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Ұлы Даланың Жеті қыры» бастамасы – біздің қазақтың ғана емес, барша түрік халықтарының сан мың жылдық тарихын дүр сілкіндіруге бастама болса жарар еді. Ана құлдық санадан әлі арыла алмай жүрген «шүлдірбайлар» мен «шүлдірбикелер» құлдық дөрекі мінезге басып, бәрін бүлдіре ме деп қорқатыным, тағы да жалған емес. Өйткені, оның өзіндік себебі жетерлігін бүкіл қазақ жақсы біледі.

1992-2002 жылдары сол кездегі Қазақ телевизиясының Иманбай Жұбай басқарған «Таң шолпан» таңғы бағдарламасынан тікелей эфирде әр аптаның бейсенбі күндері тұрақты түрде  әуелгіде не бары 7 минут телехабар болса, кейін хронометражы 30 минуттық өзім жүргізген авторлық тележобам «Түрік даналарына» айналғанын көзі қарақты көрермендер әлі ұмыта қоймаған шығар деймін. 

Осынау сан мың жылдық тарихы бар Ұлы даладан шыққан: Анахарсис, Ишпахай, Томирис, Зарина, Мөде қаған, Атилла, Күлтегіннен, Мағжан Жұмабайға, Ататүрік, Мұстафа Шоқайға дейінгі аралықты қамтыған 40-тан астам телехабарларым бүгінде Қазақ телевизиясының алтын қорында жатқанынан хабардармын. Ол телехабардың көпшілігі тоза бастағаны тағы да рас.  Түркия мен Әзірбайжан телевизиясы сол менің авторлық тележобам  «Түрік даналарын» телеэкрандарынан және сайттарынан үзбей көрсетіп келе жатқаны өтірік емес (ғаламтордан іздеп табу қиын емес).

Осы жобамды қайта тірілту керектігі туралы сан рет жаздым да. Бірақ, әзірге құлақ асқан жанды көрмедім.

 

Құрметті Ерлан Қарин мырза!

Осынау «Түрік даналары» атты тележобамды қайта жаңғыртуға мүмкіндік тудырсаңыз, жалғыз мен ғана емес, ұлттық тарихқа шөлдеп отырған қалың көрерменнің де алғысына бөленеріміз даусыз...

 

Өзіңізден қуанышты хабар күтуші,

Қазақ телевизиясының ардагері, Қазақ журналистикасының қайраткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері, ақын, публицист

Жұмаш Кенебай (Көкбөрі)

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір