• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:34:54
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 Спорт

Қазақстан футбол құрамасы ФИФА рейтінгісі бойынша 133-ші орынға төмендеді

Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол Федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтінгісі бойынша төменгі орынға жайғасты.

Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол Федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтінгісі бойынша, 126-шы орыннан 133-ші орынға төмендеді,-деп Qamshy.kz ақпараттық агенттігі ФИФА-ның ресми парақшасына сүйене отырып жазады.

2018 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу үшін болған ойындарда Александр Бородюк бастаған қазақстандық команда Румынияға барып, (1:3) есебімен жеңілсе, Армения командасымен теңде-тең (1:1) есебімен ойын көрсетті. Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 231 ұпай бар.

Алдыңғы алтылықта айтарлықтай өзгерістер болған жоқ, көш басында Германия құрамасы тұр. Екінші орында Бразилия, үшінші орында Португалия болса, бұл ондықты Аргентина, Бельгия, Польша және бір саты жоғарылап, жетінші орынға көтерілген Франция (1226 ұпай) құрамасы мен 11-ші орыннан 8-ші орынға жоғарылаған испандық футбол құрамасы бар.

Ең үлкен өзгеріс Эквадор командасында орын алды себебі, бұл елдің құрамасы 35-ші орыннан 60-шы орынға (608 ұпай) бір-ақ құлдилаған. Ал ең мықты нәтиже көрсетіп, рейтінгісі жоғарылаған команда Түрікменстан болып отыр, олар 136-шы орыннан 114-ші орынға көтерілген (279 ұпай).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір