• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:53:17
Алматы
+35°

20 Қараша, 2017 NEWS

«Қазақстан бойынша 70 мобильді қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді»

«Азаматтарға арналған үкіметтің» жалпы 350 фронт-кеңсесі бар

Бүгін мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ақпарат және коммуникациялар министрі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін үйлестіру және дамыту мәселелері жайлы баяндама жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі күні «Азаматтарға арналған үкіметтің» жалпы 350 фронт-кеңсесі бар. Оларда жұмыс істейтін 22 000-ға жуық қызметкер (барлығы 21 788) жыл сайын 37 миллионнан астам қызмет көрсетеді.

Д. Абаев мемлекеттік корпорация жұмысының маңызды бағытын атап өтті.

"Мемлекеттік корпорация жұмысының маңызды бағыты – шалғайдағы шағын ауыл тұрғындары үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыру. 

Осы мақсатта Қазақстан бойынша 70 мобильді қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Олар ауылдарға жылына шамамен 13 мың рет барып қызмет көрсетеді.


Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметтерді «Қазпоштаның» кеңселерінде ұсыну жөніндегі бірлескен жоба жүзеге асуда. Бұл ретте елді мекендердің басым бөлігін қамтитын ұлттық пошта операторының әлеуеті тиімді қолданылуда.


Қазіргі күні мемлекеттік корпорацияның кеңселері таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейінгі уақытты қамтыған бірыңғай графикпен жұмыс істейді. Алайда, азаматтарға ыңғайлы болуы үшін Астана мен Алматыда және Шымкент қаласында түн ортасына дейін жұмыс істейтін халыққа қызмет көрсету орталықтары іске қосылды" деді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір