• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 00:55:25
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2019 NEWS

Қасымов: Қорықшыларға шабуылдаған күдіктілер анықталды

Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің "адам өлтіру" бабымен іс қозғалып, күдіктілерге іздеу жарияланған.

Қазақстан Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қарағанды облысында қорықшыларға шабуылдады деген күдіктілердің анықталғанын хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегін негізге алып. Астанада парламент сенатындағы жиыннан соң журналистер сауалына жауап берген Қасымов "Күдіктілерді анықтадық. Ол жерде екі көлік болған, олар да белгілі болды. Оқиғаны көргендер де бар" деді.

Министр күдіктілердің Қызылорда облысының тұрғындары екенін ғана хабардар етіп, қанша адам екенін айтпады. Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің "адам өлтіру" бабымен іс қозғалып, күдіктілерге іздеу жарияланған.

— Олар екі көлікпен жүрген. Қылмысты бір көліктегі үш адам жасаған. Екінші көліктегілерді анықтау арқылы қылмыс жасады деген күдіктілерді анықтадық, — деді Қасымов.

Ауыл шаруашылығы министрлігі 15 қаңтарда Қарағанды облысының Нұра ауданында "Охотзоопром" республикалық мекемесінің инспекторы киіктер мен сирек кездесетін жануарларды қорғау рейді кезінде браконьерлер қолынан ауыр жараланып, қайтыс болғаны туралы ақпарат таратқаны белгілі.

Министрліктің мәліметінше, 13 қаңтарда кешке Toyota Land Cruiser көлігіндегі белгісіз үш адам олардың ізіне түскен инспекторлар Ницык пен Нұрғалиевке қарсылық танытып, қарудан оқ атқан. Арада екі сағаттан астам уақыт өткенде полиция мен инспекторлар шабуылдан жараланған инспекторларды тапқан. Басынан ауыр жараланған Ерлан Нұрғалиев 14 қаңтарда Астанадағы №1 қалалық емханаға жеткізілген. Бір күннен артық ес-түссіз жатқан Нұрғалиев 15 қаңтарда қайтыс болған.

Қаңтар басталғалы бері Қарағанды облысында осымен екінші рет заңсыз киік ату дерегі тіркеліп отыр. Айдың басында Ұлытау ауданында полицияның қызметкері "заңсыз киік аулады" деген күдікпен ұсталғаны белгілі.

Қазақстанда құрып кету алдында тұрған жануар ретінде Қызыл кітапқа енгізілген киікті аулауға тыйым салынған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір