• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:04:05
Алматы
+35°

08 Қыркүйек, 2018 Әлем

Путин Тегеранда болғанда оқыс оқиға орын алды

Владимир Путин ресми сапармен Тегеранға барған еді. Онда Ресей-Иран, Түркия арасында үш жақты саммит өт

Ресей басшысы Владимир Путин Иран және Түркия басшыларымен келіссөздер өткізіп жатқанда Тегеранда оқыс оқиға болды. Жабық келіссөздердің күн тәртібі белгілі болып қалды. 

«Біз баспасөз мәслихаты өтетін залға кіріп бара жатқанымызда жаңа құлаққап алдым. Ал онда отырыстың жабық бөлігінің трансляциясы жүріп жатыр екен. Оның үстіне орыс тіліне аударылған», - делінген «Коммерсанъ» жариялаған ақпаратта.

Бұған қоса ұйымдастырушылар үш басшының сөйлеген сөзін тікелей эфирден көрсеткен. Сол уақытта Путин мен Ердоғанның әңгімесі барысында микрофонның даусы қосулы тұрды.

Айта кетейік, Владимир Путин ресми сапармен Тегеранға барған еді. Онда Ресей-Иран, Түркия арасында үш жақты саммит өтті. Мақсаты – Сириядағы жағдайды реттеу. Путиннің мәлімдеуінше, Сириядағы заңсыз қаруланған топ бүлік шығаруды ойластырып жүр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір