• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:28:14
Алматы
+35°

18 Ақпан, 2019 NEWS

Польшалық 90 жастағы әжей Қазақстандағы отбасын іздейді

Соғыстан соң Изабелла Польшаға оралады, бірақ Устиньяны бір сәт жадынан шығарған емес.

Kyzylorda-news.kz редакциясына Польша азаматшасы Ула Котарба әлеуметтік желі арқылы хабарласып, қазақстандық отбасын іздеп жатқанын айтқан екен, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Анасы Изабелла Брест қаласында дүниеге келіп, 30 жылдардың соңында әкесі қамауға алынған соң анасы және әпкесімен бірге Қазақстанға жер аударылады. Бастапқыда Итиумен кеңесіне жіберіліп, кейін әпкесінің дертіне байланысты Макинкадағы ауруханаға жеткізіледі.

Барар жер, басар тауы болмаған отбасыға жергілікті тұрғын Устинья Миренчук көмектесіп, пана болыпты. Ол әйел мен бала-шағасын үйіне кіргізіп, қамқорлық жасап, бір үзім нанды бөлісіп жеген екен.

Соғыстан соң Изабелла Польшаға оралады, бірақ Устиньяны бір сәт жадынан шығарған емес. Ол қанша уақыт хат жазса да, ешбір жауап болмапты. 1970 жылы ғана Макинкаға шақыру қағазын алады.

Көкшетаудағы әуежайдан Изабелламен анасын Устиньяның ұлы Петр күтіп алыпты. Макинкаға дейін көлікпен жетіп, көптен күткен кездесу болады. Кейінірек Петр інісімен бірге Польшаға да барып қайтқан.

Қос отбасы тағы біраз уақыт хат-хабар алмасып тұрып, күндердің күнінде арада байланыс үзіледі, ал хаттар бүгінге дейін сақталмаған екен.

Қызының айтуынша, Изабелла Устиньяны жиі еске алады, оны мен балалары туралы бір хабар естісем" деп армандап жүр. Қызы Уланың қазақстандық отбасыны іздеуге кіріскенін білгенде, қарт әйел көзіне жас алыпты.

Интернеттен қанша іздеп таппаған Ула Kyzylorda-news.kz басылымы арқылы бүкіл қазақстандықтардан Устинья Миренчуктың отбасын табуға көмектесуді сұрайды.

Басылым өз тарапынан Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігі мен тұрғындарына үндеу жасап, сол отбасы туралы білетін жандардан хабарласуды өтінді.

Телефон нөмірлері: 8/7242/400251, 87002328933

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір