• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:49:26
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2019 Дін

Өзбекәлінің өсиеті

Қаперден шығармауға тиіс өсиет, ылғи да есте ұстайтын аманат осы болса керек!

 

 

Бас жоспар бойынша Әзірет Сұлтан кесенесі орналасқан екі мыңнан астам гектарды алып жатқан Түркі әлемінің мәдени және рухани орталығында көне заман үлгісіндегі көшелер, саябақтар, сондай-ақ, түркі мәдениетімен танысу аймағы  т. б. болатын көрінеді. Сөйтіп,  туристер үшін қолайлы жағдай туғызылғалы жатыр. Бәрекелді!

 Десек те, апыр-топыр асығыстыққа салынуға  мүлдем болмайды. Әзірет Сұлтанның кесенесінің 500-700 метр айналасында қаншама тарихи орындар, көнеден қалған жәдігерлер бар екенінен жергілікті көзі ашық  тұрғындар болмаса, былайғы жұрт мүлдем бейхабар.  Мәселен, Құмшық ата жер асты мешіті, Жәудір ана мешіті, Жеті ата қақпасы, Үндемес ата мен Мір Араб әулиелер жатқан жер т.б. Гидтер ол жаққа туристерді апарған да емес, апармайды да. Осы жәдігерлерді қайта қалпына келтіру керек.

Ендігі бір мәселе. Қаланың бас жоспарына сәйкес Әзірет Сұлтанның айналасын  этнобақ  болған соң, кесененің айналасына су жібертіліп, көгертілетіні белгілі.   Онсыз да Яссауи мавзолейінің  қабырғаларын сыз басып,  күмбездері жарыла бастаған, су тамшылайтын жерлері жоқ емес, бар.

Осы орайда рух сардары, атақты Тайқазанды құтты орнына қондырған  Өзбекәлі Жәнібектің былай деп жазғанын қаперден шығармауға тиіспіз:

«Қазір сол Әзірет-Сұлтанның айналасын көгертеміз деп арық қазып, су жіберіп жатыр. Бұл дұрыс емес. Оның астында көп ғасырлық ескі қоныстар, мәдени қазба байлық бар. Қаншама өлік жатыр. Осындай білместіктің салдарынан онсыз да босап тұрған құрылыстың іргесін одан сайын үңгіп жатырмыз. Өзгелерді алайықшы. Анау Өзбекстандағы Регистанның қасында ағаш бар ма, жоқ. Болмаса Афиныдағы мазарларды (Акрополь), Римдегі — Колизейді, Париждегі — «Құдай – ана» соборын», тіпті сонау Оңтүстік Америкадағы жергілікті халықтардың жергілікті ескерткіштерін алыңыз, әлі де сол қалпында тұр ғой. Ал бізде басқасы оңып тұрғандай сол жерлерді көгерте қалайық дейді. Осынау өресіздікті тез арада тоқтатпайтын болса, біздің ұрпақтың кезінде олар тұрар, ал келер ұрпақ көрмеуі әбден мүмкін».      

Қаперден шығармауға тиіс өсиет, ылғи да есте ұстайтын аманат осы болса керек!

 

Төреғали Тәшен

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір