• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:17:03
Алматы
+35°

20 Қыркүйек, 2018 Денсаулық

"Өткен өмір – өшкен көмір" дейді қатерлі ісікті жеңіп шыққан Луиза Хей

Қатерлі ісікті небәрі 6 айда жеңіп, барша дәрігерлерін таң қалдырған, Луизаның оқиғасы жігерін жасытып алған жастарға үлгі болсын дейміз.

Психологияға қызығатын жандар Луиза Хей деген есімді жақсы таниды. Мотивацияны май шаммен іздеп жүргендер де түбінде Луиза Хейдің жазғандарын шолып өтеді. Тән азабынан бұрын жан азабын тартып жүргеніміз көп болғандықтан Луиза Хейдің кітаптарын жай ғана көзбен шалып өтпей, көңілге тоқып, санаға түйіп, он рет қайталап оқу қажет сияқты. «Қамшы» жақсылықтың жаршысы болғысы келеді. Сондықтан да жазушы Мырзагелді Кемелдің аудармасындағы Луиза Хейдің «Көгілдір кітабын» бірнеше бөлімге бөле отырып, тұрақты түрде оқырманның назарына ұсынып отыруды жөн деп шешті. Бірінші, екінші бөлімдер  сайт бетінен шығып үлгерген болатын. Ендігі кезек үшінші бөлімде. Аталмыш бөлім адамның алаңсыз, уайымсыз өмір сүруіне кедергі келтіретін ойларына арналған. Қатерлі ісікті небәрі 6 айда жеңіп, барша дәрігерлерін таң қалдырған, 2017 жылы 91 жасында ауырмай-сырқамай көз жұмсаған Луизаның оқиғасы жігерін жасытып алған жастарға үлгі болсын дейміз.

Өзіміздегі өзгерістерге қарсылық

Кейбір пікірлердің бізде терең орын тепкені соншалық, оны бірден байқай да алмайсың. Біз арыздана бастаймыз немесе бұны алдыменен басқа орындардан аңғара бастаймыз. Біз досымызды, мұғалімімізді немесе кітапты өзімізге тартамыз, солардың арқасында терең ұйқыдан ояна бастаймыз. Менің өз басымда бұл процесс бір құрбымның ескертпесінен басталды. Оған бір кездесу туралы айтыпты, ол бармаған еді, ал менің ішкі дүнием барудың қажет екенін білдіргеннен кейін мен бардым. Бұл кішкентай кездесу шындық жолындағы менің алғашқы қадамым болды, кейде бізге бұндай жағдайлар елеусіздеу болып көрінеді. Біз тіпті осы елеусіз әрекетті істеуге шақырған ой үшін өзімізге ренжиміз де. Егер бұның біздің сауығу процесіндегі алғашқы қадамымыз екенін түсінсек, бұл реакция жақсы. Бұл процесс біз өзгеруге шешім қабылдаған кезде басталады.

Шыдамсыздық – қарсыласудың өзге бір формасы. Өзгерістің тура қазір болуын талап еткен кезде біз өзімізді өзіміз тудырған проблемаларды шешу үшін қажет маңызды сабақтардан айырамыз.

Мен пациентке оның проблемасынан орын алған адамды кешіруді ұсынған кезде оның жұдырықтары түйіліп, тістенеді. Қарсыласу біліне бастайды және мен оған тура осы жерде жұмыс істеу керек екенін білемін.

Біздің бәрімізге де өмірдің маңызды сабақтарынан өту керек. Біздің өміріміздегі кейбір заттар біз үшін қиын, себебі бұл сабақтарды біз өзімізге өзіміз таңдағанбыз. Егер біздің өміріміздегі кейбір заттар біз үшін жеңіл болатын болса, онда бұл – сабақ емес, бұлар өзіміз бұрыннан білетін заттар.

Егер біз өзгерудің қиын екенін білсек, онда сіз өміріңіздегі ең қиын сабақпенен ұстасып тұрсыз. Бұндай қарсылықтарға бола өзгерістерден бас тартудың қажеті жоқ. Сіздің екі деңгейде жұмыс істеуіңізге болады:

*1. Өз қарсылығыңызды саналы түрде қабылдау.

*2.Үнемі өзгерісте болу.

Өзіңізді бақылап қараңыз, сіз қалай қарсыласудасыз және бұған қарамастан өзгеріңіз.

Біздің әрекетіміз біздің қарсыласып жатқанымыздан хабар береді.

Бұл мынадан көрінеді:

Әңгіме тақырыбы өзгеруімен;

Бөлмеден шыққыңыз келуімен;

Дәретханаға барғыңыз келуімен;

Кешігумен;

Ауырумен;

Жан-жаққа немесе терезеге қараумен;

Бір нәрсеге көңіл бөлуден бас тартумен;

Жегіңіз, ішкіңіз, шеккіңіз келуімен;

Қарым-қатынастың аяқталуымен.

Пікір. Біз түбінде қарсылыққа айналатын пікірмен өсеміз. Міне, біздің кейбір шектеулі пікірлеріміз.

*Бұл маған жараспайды;

*Еркектер (әйелдер) бұны істемеу керек;

*Менің отбасымда бұлай болмаған;

*Махаббат – бұл менің қолым емес, бұл өте ақымақтық;

Жолы өте ұзақ;

Өте қымбат;

Көп уақыт алады;

Мен бұған сенбеймін;

Мен бұндай емеспін.

«Олар». Біз өз күшімізді басқаларға береміз жән бұны өзгерістерге тойтарыс беретін сылтау ретінде пайдаланамыз. Біздің басымызда мынадай идеялар бар:

* Сәтінің түспеуі;

* «Олар» маған өзгеруге рұқсат етпейді;

Менде қажетті мұғалім, кітап, класс т.б. жоқ;

Менің дәрігерім басқаша айтады;

Бұл олардың кінәсі;

Бірінші олар өзгеруі керек.

Олар түсінбейді.

Бұл менің пікірлеріме, дініме, философияма қарсы.

Біз өзіміз туралы ойлаймыз:

Тым кәрімін;

Тым жаспын;

Тым семізбін;

Тым арықпын;

Тым ұзынмын;

Тым кішкентаймын;

Тым жалқаумын;

Тым күштімін;

Тым ақымақпын;

Тым кедеймін;

Тым сабырлымын;

Мүмкін мұның бәрі мен үшін емес.

Біздегі ең үлкен қарсылық қорыққандықтан пайда болады – БЕЛГІСІЗДІК АЛДЫНДАҒЫ ҚОРҚЫНЫШ. Тыңдаңыз:

*Мен дайын емеспін;

*Менен ештеңе шықпайды;

*Ал көршілерім не дейді?

*Менің «құрт толы банкіні» ашқым келмейді;

*Ал менің ата-анамның (күйеуімнің, әйелімнің, әжемнің, т.б.) реакциясы қалай болады?

*Мен өте аз білемін;

*Егер мен өзімнің жанымды ауыртсам не болады?

*Менің проблемаларым туралы өзгелердің білгенін қаламаймын;

*Мен бұл туралы айтқым келмейді;

*Тым қиын;

*Маған ақша жетпейді;

*Мен өзімнің достарымды жоғалтамын;

*Мен ешкімге сенбеймін;

*Мен бұған сай боларлықтай жақсы емеспін.

Бұл тізімнің түпсіз жалғаса беруі мүмкін.

Менің бір әйел клиентім үш автомобиль апатына ұшырады, жұлынын, мойнын үзді және тізесін сындырды. Ол маған келе жатқанда жолда соғысып, оның үстіне көлік тығынында тұрып қалып, соның кесірінен кешікті. Маған өзінің проблемасын айту оған жеңіл тиді, оған: «Бір минут тоқтай тұрыңыз, менің сізге бірдеңе айтқым келеді» дегенде, міне, сол кезде басталды. Көзілдірігі мазасын алды, ол басқа орындыққа отырды, сосын оған дәретханаға бару қажет болды. Қабылдаудың соңына дейін оның көңілін тоқтату мүмкін болмады. Соңынан мен оның апайының да екі рет мойнын үзіп алғанын, сондай-ақ олардың шешесінің де мойнын үзіп алғанын білдім.

Достарыңызды өз жайына қойыңыз

Біз өзіміздің проблемаларымызға көңіл аударудың орнына қай достарымыздың өзгеруі қажет екенін шешіп жатамыз. Бұл да қарсыласу формасы. Бұл жағдайда мен әркім өзіне терең үңіліп қарауды және біздің достарымызда тура соны неліктен өзгерткіміз келетінін аңғаруды ұсынамын. Әдетте біз өзімізде өзгерту қажет нәрсені басқалардың бойында өзгертуге тырысамыз.

Біздің бәрімізде де біз қалай әрекет етіп, қалай ойласақ, тура солай қимылдап, ойлауымыздың қажеттілігі туралы сезім терең орын алған. Бұл біздің танымымызға сәйкес келеді немесе соның көрінісі болып табылады. Егер таным болмаса, онда оның көрінуі де болмас еді. Біздің бойымызда артық салмақты тудыратын, нашар қарым-қатынасқа, кедейлікке, көңіл-күйдің бұзылуына, т.б. алып келетін бірдеңе бар.

Сіз өзіңізге: «Мен бұны ешқашан істемеймін» деп қанша рет қайталадыңыз. Соған қарамастан сіз тағы да торт жейсіз, тіпті, бұны енді істемеске өзіңізге өзіңіз уәде берген сол күн бітпей жатып-ақ, тағы да темекі шегесіз, сізге қымбат адамдарға дөрекі мінез көрсетесіз, т.б. Біз өзімізге ренжіп: «Сенде титтей де жігер-күш жоқ! Сен әлсізсің!», деп проблеманы одан сайын күрделендіре түсеміз. Бұл өзіміздің иығымызға арқалап жүрген азаптың адам төзгісіз ауыр жүгін одан сайын ауырлата түседі.

Бұның орнына сіз өзіңізге: «мен өзімді үнемі кемсітіп сезіндіретін жасырын тілектен азат болғым келеді. Мен өмірдегі барлық жақсылықтарға татимын және мен өзіме бұны сүйіспеншілікпен қабылдауға рұқсат етемін» деңіз.

Өз танымдарыңызды өзгертсеңіз, сіздің өміріңіз өзгереді!

Біздің әрбір ойымызды өзгертуге болады!

Егер сізді үнемі қажетсіз ойлар мазаласа, ондай ойларды тоқтатып, оларға: «Жоғал!» деңіз. Оның орнына сізге сәттілік әкелетін мынадай ойларды қабылдаңыз.

Қалай өзгеруге болады?

Бұның негізінде үш негізгі принцип жатыр:

Өзгеруге құлықтылық.

Ақылға бақылау қою.

Өзіңді және өзгелерді кешіру.

Өзгеруге құлықтылық туралы жоғарыда айттық, енді ақылға бақылау қою туралы айтайық. Біздің бәріміз ақылымызға қарағанда әлдеқайда зорырақ бір нәрсеміз. Сіз мүмкін, өміріңіздегі барлық нәрселерге ақыл жауапты деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ бұндай таным сіздің осылай ойлайтындығыңызға ғана негізделген. Сіздің ақылыңыз – бұл олай да, бұлай да қолдануға болатын қару. Ол әрқашан сіздің қызметіңізде. Бір минутқа ойыңыздағы «мылжыңды» өшіріңіз де «Сіздің ақылыңыз – сіздің қаруыңыз» деген пікірдің мәні туралы ойланыңыз. Оны қалай пайдалануды сіз өзіңіз шешесіз.

Сіз таңдайтын ойлар сіздің барлық өмірлік жағдаяттарыңызды тудырады. Ой мен сөзде адам сенбестей күш бар. Сіз өзіңіздің ойыңыз бен сөзіңізге бақылау жасаған кезде, сіз бұл күшпенен үйлесімде боласыз. Сіздің ақылыңыз сізге бақылау жасайды деп ойламаңыз. Тіпті, керісінше, сіз ақылыңызға бақылау жасайсыз.

«Азаттық» жаттығуы

Терең дем алыңыз, сосын ауаның бәрін сыртқа шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Сосын өзіңізге айтыңыз: «Менің азат болғым келеді. Мен еңсені басқан барлық салмақтан босаймын. Өзіммен өзім жарасым табамын. Мен өмір процесінің өзінен жарасым табамын. Қауіп-қатерден тыспын». Бұл жаттығуды үш рет қайталаңыз. Сіз қиын жағдайда тұрғандай болсаңыз, осы сөздерді қайталаңыз. Сонда бұл сөздер сіздің бір бөлшегіңізге айналады және қалыпты болғаны соншалықты, барлық салмақ пен күн сайынғы күрес біртіндеп сіздің өміріңізден жоғалады. Денеңізді бос ұстаңыз және жақсы нәрсе туралы ойланыңыз. Бұл сондай оңай.

Тәни босаңсу

Кейде сізге тәни босаңсу қажет. Біз тап келетін жағдайлардағы келеңсіз тәжірибелер мен басымыздан өткеретін эмоциялар көбіне біздің тәнімізде қалады. Бұдан тәни азат болу формасының бірі – машинаның немесе үйдің терезесін жауып, бар күшіңмен айқай салу. Бар күшіңмен жастықты немесе керуетті ұрғылау – келесі залалсыз әдістің бірі. Әртүрлі спортпен шұғылдану немесе жылдам жүру де тура осындай нәтижеге алып келеді. Жақында, бір-екі күннің бедерінде иығым сұмдық қатты ауырды. Ауруға көңіл аударғым келмеді, бірақ ол кетпеді. Сонда мен өзімнен сұрадым: «не болып жатыр, мәселе неде? Мені не алаңдатады?». Мен жауап таппадым, сондықтан өзіме: «Ендеше, қарап көрелік» дедім. Керуетке екі үлкен жастықты қойдым да, оны бар күшіммен төмпештей бастадым. 12 соққыдан кейін мені не ашуландыратынын анық білдім. Бәрі анық болды, мен жастықты одан сайын ұра бастадым, осылай мен өзімді ашулану сезімінен азат еттім. Аяқтап болып, мен өзімді әлдеқайда жеңіл сезіндім, ал келесі күні ауру тіптен жоғалды.

Өткеннен азат болу

Менің көптеген пациенттерім: қазір бақытты бола алмаймыз, себебі өткен кезеңдерде жаралы болғанбыз дейді. Өйткені олар істеуге тиіс нәрсені істеген жоқ. Өйткені, енді, олардың дүниеде ең ардақ тұтқан нәрселері жоқ. Өйткені оларды кезінде жаралы қылғандықтан олар ешкімді жақсы көре алмайды: ертеректе істеген сұмдық істері үшін өздерін аяусыз қарғайды. Өйткені бұны олар ешқашанда кешірмейді және ұмыта алмайды.

Үнемі өткенді есте ұстау – демек, өзіңді қинау. Сіздің алдыңызда кінәлі болғандарға – оларға бәрібір. «Олар» тіпті біздің қиналысымыздың көлемін де білмейді. Сондықтан да өз ойыңды өткенге бағыттаудың ешқандай мәні жоқ. Ол келмеске кетті және бұны өзгерту мүмкін емес. Есесіне оған деген біздің қатынасымызды өзгертуге болады.

Өткеннен азат болу жаттығуы

Қанеки, өткенді тек естеліктер тұрғысынан саралайықшы. Егер сіз үшінші класта не кигеніңізді есіңізге түсіретін болсаңыз, онда бұл естелік қандай да бір эмоционалды бағалаудан ада болады. Сіздің өткен өміріңіздегі барлық оқиғаларға осылай қарауға болады. Біз азат болу мүмкіндігіне қарай өзіміздің барлық ақыл-ой күшімізді осы сәтте пайдалануға бейімделеміз. Тағы да өзіңіздің реакцияңызды бақылаңыз. Бұл үшін сізге не істеу керек? Өзіңіздің өткеніңізбен айырылысуға сіз дайынсыз ба немесе сіз соны қалайсыз ба? Сіздің қарсыласу дәрежеңіз қаншалықты?

Кешіру. Өте маңызды тарау

Сіз бен біздің келесі қадамымыз – кешіру. Бүкіл сұрақтар мен проблемалардың жауабы кешірім жасауда жатыр. Біздің өмірімізде, қандай сипатта болғанына қарамастан, проблемалар туындап жатса, онда бізге біреуді кешіру қажет екенін мен өз жеке басымның тәжірибесінен білемін. Махаббат – біздің кез-келген проблемаларымыздың жалғыз жауабы, және бұндай халге жетудің жолы – кешіруде жатыр. Кешіру – ренішті сейілту. Оның бірнеше әдісі бар.

Ренішті сейілтетін жаттығу

Бір тыныш жерде отырыңыз, денеңізді бос ұстаңыз. Сіз алакөлеңке театрда отырмын, ал алдымда шағын сахна деп көзге елестетіңіз. Сахнаға сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз (дүниеде ең жек көретін адамыңыз). Бұл адам тірі немесе өлі болуы мүмкін, сондай-ақ сіздің жек көру сезіміңіз де не өткен шақтікі не осы шақтікі. Сіз бұл адамды анық көрген кезде, ол адамның өмірінде үлкен маңызға ие жақсылықтар болып жатыр деп елестетіңіз. Оны жайдары және бақытты күйде көзіңізге елестетіңіз. Осы образды өз елестетуіңізде бірнеше минут ұстап тұрыңыз, сосын жойып жіберуіңізге болады.

Сосын, сіз кешіруге тиіс адам сахнаны босатады, ол жерге өзіңізді қойыңыз. Өзіңізді бақытты да жайдары қылып елестетіңіз. Және Жаратылыстың мейірімі біздің бәрімізге де жететінін біліңіз. Бұл жаттығу қордаланған реніштердің қара бұлттарын сейілтеді. Кейбіреулерге бұл жаттығу өте қиын болып көрінуі мүмкін. Бұл жаттығуды жасаған сайын қиялыңызда түрлі адамдарды суреттеуге болады. Бұл жаттығуды бір ай бойы күніне бір реттен жасап тұрыңыз және қаншалықты жеңілденгеніңізді бақылаңыз.

«Ойша көзге елестету» жаттығуы

Міне, тағы бір өте жақсы жаттығу. Өзіңізді жас сәби қылып елестетіңіз (5-6 жасар). Осы сәбидің көзіне терең қадалып қараңыз. Терең мұңды көруге және оның сізге деген махаббат мұңы екенін түсінуге тырысыңыз. Қолыңызды созып, кішкентай сәбиді құшақтаңыз, көкірегіңізге басыңыз. Оған қалай жақсы көретініңізді айтыңыз. Сіз оның ақылдылығын мақтаныш тұтатыныңызды, егер ол қателік жасаса ештеңе етпейтінін, ондайды жұрттың бәрінің де жасайтынын айтыңыз. Егер қажет болса сіз оған қашан болса да көмекке баруға уәде беріңіз. Енді сәби тип-титтей, бұршақтай ғана сәбиге айналсын. Оны өзіңіздің жүрегіңізге қойыңыз. Ол сол жерден орын алсын. Сіз төмен қараған кезде оның кішкентай сұлбасын көріп, ол үшін үлкен мәнге ие барлық махаббатыңызды бере аласыз.

Енді 4-5 жастағы үрейлі және махаббатқа шөліркеген өз мамаңызды көз алдыңызға елестетіңіз. Оған да қолыңызды созып, сіз оны қалай жақсы көретініңізді айтыңыз. Ешқандай жағдайға қарамастан оның сізге арқа сүйей алатынын айтыңыз. Ол тынышталып, өзін қауіпсіз сезінген кезде, оны өзіңіздің жүрегіңізге орналастырыңыз.

Ал енді әкеңізді 3-4 жастағы кішкентай бала қылып елестетіңіз, ол да бірдеңеден қорқады және қатты өксіп жылауда. Сіз оның денесіне бұршақтап құйылып жатқан көз жасын көресіз. Сіз енді жас балаларды қалай тыныштандыру керек екенін білесіз. Оны кеудеңізге қысып, денесіндегі дірілді сезініңіз. Тыныштандырыңыз. Ол сіздің махаббатыңызды сезінсін. Сіз оған онымен бірге болатыныңызды айтыңыз. Оның көз жасы кепкен кезде ол да құртымдай болсын. Оны өзіңізбен және мамаңызбен бірге жүрегіңізге орналастырыңыз. Олардың барлығын сүйіңіз, дүниеде кішкентай балаға махаббаттан артық қасиетті ештеңе жоқ. Біздің жүрегімізде күллі планетаны сауықтыруға жетерлік махаббат бар. Бірақ, алдымен біз өзімізді өзіміз сауықтырайық. Сіздің барлық тәніңізге тарап жатқан жылылықты, жұмсақтық пен нәзіктікті сезініңіз. Бұл қымбат сезім сіздің өміріңізді өзгертсін.

Күнделікті еңбек

Мен күнді әдетте былай өткіземін: таңертең оянып, көзімді ашар алдында қолымдағы барыма ризашылығымды білдіремін. Суға шайынып алғаннан кейін медитация жасап, жарты сағаттай Құдайға құлшылық етемін. Сосын таңертеңгілік гимнастика (15 минут). Кейде мен гимнастиканы сағат алтыдағы таңғы бағдарламамен бірге жасаймын. Менің таңғы асым жемістер мен шөптен жасалған шайдан тұрады. Маған тағам бергені үшін мен тағы да Жер-Анаға алғыс айтамын. Ланчтың алдында айнаға барып, жаттығу жасаймын; мына сөздерді дауыстап айтамын немесе өлеңдетемін:

Луиза, сен кереметсің, мен сені жақсы көремін;

Бұл менің өмірімдегі ең тамаша күн;

Сенің білгің келген нәрсенің бәрі саған өзі келеді;

Барлығы тамаша.

Әдетте, мен ланчта үлкен салат жеймін. Және асыма шүкірлік етемін. Күндіз мақсаттар жазылған таспаны тыңдаймын. Кешкі асқа буланған көкөністер мен каша жеймін. Кейде тауық не балық жеймін. Менің денеме бәрінен де қарапайым тағамдар тиімді. Кешке мен оқимын немесе жұмыс жасаймын. Ұйықтауға жатып, өткен күнді ойша шолып өтемін де оған алғыс білдіремін. Мен тамаша ұйықтаймын және таңертең керемет күн үшін тұрамын деп айтамын. Ерсілеу естіледі, рас емес пе?

Ал сіз өз күніңізді қалай бастайсыз? Таңертең сіз тұрған кезде сіз не айтасыз, я ойлайсыз? Таңертең оянып: «Құдайым-ай тағы да ояну керек. Басқа күн» деп ойлаған уақыттар да есімде. Және қалай елестетсем тура солай алдымнан шығатын. Бірінен кейін бірі қаптаған кесапаттар. Қазір көзімді ашар алдында жақсы түсім үшін және менің өмірімдегі барлық жақсылықтар үшін алғысымды айтамын.

Жұмыс туралы

Таңдаған карьерамызға көңіліміз толмағанда кейбіреулеріміз үнемі былай ойлаймыз:

Мен жұмысыма шыдамаймын;

Мен жұмысымды жек көремін;

Мен жеткілікті ақша таппаймын;

Мені жұмыста бағаламайды;

Мен не істерімді білмеймін.

Бұл сізге көп зиян әкелетін теріс ойлар. Егер осылай үнемі ойлай беретін болсаңыз сіз қалай жақсы жұмыс таппақшысыз?

Бұл проблемаға сол жағынан келу деп аталады. Егер сізде қазір әйтеуір бір себеппен ұнамайтын жұмыс, қызмет болатын болса былай істеу керек: Қазіргі қызметіңізге рақмет айтудан бастаңыз. Бұл сіздің жолыңыздағы қажетті кезең. Сіз қазір өзіңіздің өмірлік танымдарыңыз жетелеп әкелген жерде тұрсыз. Сондықтан да жұмысыңыздағы барлық нәрселерге: сіз жұмыс істейтін ғимаратқа, лифтіге, бөлмеге, жиһаздар мен құрал-жабдықтарға, араласатын адамдарыңызға рақмет айтудан бастаңыз. Егер сіз бұл жұмыстан кеткіңіз келсе, онда бұл жұмыстан игі ниетпен кететініңізді және оны осы жұмыста өзін бақытты сезінетін адамға беретініңізді үнемі өзіңізге айтып жүріңіз. Шындығында да көптеген адамдардың сіздің жұмыстағы иеленген орныңызға ұмтылатынын сіз білуіңіз керек.

Жұмысқа кірігу

«Менің мінезім ашық және менің талантым мен мүмкіндіктерім пайдаланылатын жұмысты қабылдауға дайынмын. Менің бұл жаңа жұмысым шығармашылық қабілетімді іске асырады және мені қанағаттандыратын болады». Егер жұмыста әлдебіреулер сіздің мазаңызды алатын болса, сол адам туралы ойлаған сайын оған рақмет айтыңыз. Біз ондайларды өзіміз таңдамасақ та, біздің әрқайсымызда аздаған Гитлер мен Иусус Христос бар екенін білу маңызды… Егер бұл адам сыншыл келетін болса, сізді мақтайтын адам есебінде, ал егер ол қатал болатын болса, онда оны нәзік те әділ етіп көзге елестетіңіз. Егер сіз адамдардан тек жақсыны көрсеңіз, онда олар басқалармен қалай қарым-қатынас жасаса да, тек сізге ғана өздерінің тамаша да керемет қасиеттерін көрсетеді.

Дене

Біздің денеміздегі ауру деп аталатын нәрселерді өзіміздің тудыратынымызға мен сенімдімін. Дене, біздің өміріміздегі басқа да нәрселер сияқты – танымдарымыздың тура бейнесі.

Біздің денеміз барлық уақытта да бізге айтады – егер біз оны тыңдауға уақыт тапсақ… Денеміздегі әрбір жасуша біздің әрбір ойымыз бен әрбір сөзімізге сай қимыл жасайды. Ойлау мен сөздің ұзаққа созылған бейнесі дене қалыбын белгілейді. Мұңлы жүзді адамды міндетті түрде көңілсіз ойлар иектейді. Бұл жағдайда қарттардың жүзі қызығушылық тудырады. Олар - өмір бойғы ойлау жүйесінің тура бейнесі. Сіз қартайған кезде қалай көрінесіз? Бұл кітапта мен метафизикалық диагноз бен көп аурудың менталдық себебінің тізімін келтіремін. Бұл шамамен 90-95% дұрыс.

Бас біздің өзімізді бейнелейді. Бұл біздің дүниеге көрсететін нәрсеміз. Бізді басымыздан таниды. Баста бір нәрсе дұрыс болмаса, біздің өзімізде бір нәрсенің дұрыс болмағаны.

Шаш күш-қуатты білдіреді. Біз қорыққан кезде әдетте иық бұлшық еттерінде басталып, сосын басқа баратын, ал кейде көзге баратын «болат белдікті» жасаймыз. Шаш шаш қапшықшалары арқылы өседі. Бас сүйегіне салмақ салған кезде бұл қапшалар автоматты түрде жабылып, шаштар семіп, түсе бастайды. Егер үнемі салмақ түсіп, бас сүйегі дем алмайтын болса шаш өсуін тоқтатады. Нәтиже – бастың қасқалануы. Әйелдер шашының қасқалануы олардың «іскер» ерлер әлеміне енуінен басталады. Біз әрине, мұны аңғара бермейміз, себебі, көптеген париктер табиғи көрінеді.

Құлақ есту және тыңдау мүмкіндігіне ие. Егер адамның құлағының мүкістігі болатын болса, бұл оны есту мүмкіндігінен бас тартқызып тұрған өміріндегі болып жатқан жағдайға байланысты. Құлақтың ауруы – бұл сіз естуге тиісті нәрсеге байланысты қобалжуды білдіреді. Балалардың құлағы үнемі ауырады. Олардың тыңдағысы келмеген нәрсені үйде жиі тыңдауына тура келеді. Сәбидің ашу білдіруіне тыйым салынады, шын мәнінде олардың бір нәрсені өзгертуге дәрменсіздігі құлақ ауруына әкеп соғады.

Саңыраулық ұзаққа, мүмкін өмір бойына созылатын, біреуді тыңдауға деген құлықсыздықты блдіреді. Көңіл аударыңыз: кейде есту аппаратымен жүрген серіктесті кездестірсек, енді бірі ауыз жаппай сөйлеумен болады …

Көз көру мүмкіндігін білдіреді. Егер көзіңізге байланысты проблема туындап жатса, бұл әдетте не өзіңіздегі немесе өз өміріңіздегі бірдеңені көруден бас тартуды білдіреді. Мен көзілдірік киген балаларды көрген кезде олардың үйлеріндегі бір жайсыздықты білемін: олар тура мағынасында нәрселерді көруден бас тартады. Егер олардың үйдегі жағдайды түзеуге күші келмесе, онда олар көздерін анық көру мүмкіндігінен айыру үшін жанарларын сейілтеді.

Бас ауруы біз өзімізді толыққанды сезінбеген кезде болады. Басыңыз ауырған кезде бір минутқа тоқтап, сіз өзіңізді қай жерде қор сезінесіз және неліктен солай екенін өзіңізден сұраңыз. Бұлай сезінуден құтылу үшін өзіңізге кешірім жасаңыз, сонда сіздің бас ауруыңыз да өзінен өзі жоғалады.

Бас сақинасы өмірде мінсіз болғысы келген жандарда, сондай-ақ мына өмірге өкпесі қара қазандай пенделерде болады.

Мойын мен тамақ өте қызықты. Мойын – бұл ойлау икемділігіне бейімділік, мәселенің екінші жағын көруге және басқа адамның көзқарасын түсінуге деген бейімділік. Бізде мойынға байланысты мәселелер туындап жатса, бұл біздің қасарысып, икемді болудан бас тартатынымызды білдіреді.

Алқым – Бұл біздің нені қаласақ соны сұрау және өзіңе қорған болуға деген бейімділігімізді білдіреді. Алқымға байланысты проблема «құқымыз жоқ» деген сезім мен өз бойыңдағы жетімсіздіктерді сезінуден туындайды.

Ауру алқым – бұл қашан да наразылықты білдіреді. Ал егер оған суық тию қосылса, бұл онда - абыржу. Ларингит, әдетте, ашудан булығып сөйлей алмауды білдіреді. Одан басқа алқым біздің барлық творчестволық энергияларымыз бағытталған ағза бөлігін білдіреді. Таңдай бездері мен қалқан бездеріне байланысты аурулар сіздің істегіңіз келген нәрсені творчестволық тұрғыда істей алмағаныңыздан хабар береді. Біздің өзгерістеріміз бәрінен бұрын сол тамақтың аумағында болып жатады. Біз өзгерістерге қарсылық танытқан кезде, проблема тамағымызда пайда болып жатады. Біздің кейде жоқ жерден жөтелетінімізге көңіл бөліңіз. Немесе басқа біреу жөтеле бастайды. Осы сәтте не айтылады? Біз неге көңіл бөлеміз? Мүмкін бұл қасарысу, қарсыласу немесе біздің өзгерістер процесінде екендігімізден хабар беру?

Арқа қолдау жүйесін білдіреді. Арқаңызда проблеманың болуы сіздің жеткілікті қолдауды сезінбейтініңізді көрсетеді. Біз жанұямыз бен достарымыз қолдайды деп өте жиі ойлаймыз. Шын мәнінде бұл Жаратушы мен Өмірдің өзінің қолдауы.

Проблеманың арқаның жоғарғы бөлігінде болуы - эмоциональды қолдаудың жеткілікті болмағанын білдіреді: «Менің күйеуім (нақсүйерім, досым) мені түсінбейді және қолдамайды». Арқаның ортаңғы бөлігінің кінәлілік сезіміне тікелей қатысы бар. Сіз артыңызға тығылған нәрседен немесе адамнан қорқасыз ба? Сізде арқаңыздан біреу ұрған сияқты сезіну сезімі жоқ па?

Сіз үнемі өз ақшаларыңыз туралы ойлайсыз ба? Сіздің қаржылық жағдайыңыз қалай? Ол сіздің арқаңыздың төменгі бөлігі проблемасының негізі болуы мүмкін.

Өкпе – бұл өмірді алу және беру бейімділігі. Әдетте өкпе проблемасы толыққанды өмір сүруге құлықсыздықтан немесе одан қорқудан, немесе біздің бар күшімізбен өмір сүруге құқымыз жоқ деп есептегеннен туындап жатады. Темекіні көп шегетіндер, әдетте өмірді жоққа шығарады. Олар масканың астына өздерінің жетімсіздіктерін жасырады.

Омырау - аналық бейнесі. Аналық безде проблема болғаны біздің өз көңілімізбен басқа бір адамды, затты немесе жағдайды басып тастайтынымызды білдіреді. Егер кеуде қатерлі ісігі болатын болса, бұл оған қосымша қордаланған реніш пен ашуды білдіреді. Қорқыныштан босаныңыз және біздің әрқайсымызда Кеңістік санасы әрекет етеді және ол белсенді, соны біліңіз.

Жүрек, әрине махаббатты, ал қан – қуанышты білдіреді. Біздің өмірімізде махаббат пен қуаныш болмаса жүрек қысылып, мұздайды. Нәтижесінде қан жайлап жүріп, біз біртіндеп қаны аздық пен тамырлар склерозына, жүрек талмасына ұрынамыз. Біз кейде өзіміз жасаған өмір драмасына шырмалатынымыз соншалық, айналамыздағы қуаныштарды аңғармаймыз. Алтын жүрек, суық жүрек, қара жүрек, ғашық жүрек – ал сіздің жүрегіңіз қандай?

Асқазан барлық жаңа идеялар мен жағдайларды қорытып, бойға сіңіреді. Нені немесе кімді Сіз «қорыта» алмайсыз? Асқазанда проблеманың болуы бұл жаңа өмірлік жағдаяттарды қалай меңгеруді білмеуді білдіреді. Бізге қорқынышты. Жолаушы ұшақтарының енді ұша бастаған кезі біздің көпшілігіміздің есімізде. Аспанға ұшу идеясы біз үшін жаңалық болатын, және біз үшін оны миға қондыру өте қиын болды. Біз өзімізді нашар сезінген кезде құтқаратын пакеттер әрбір орындықтарда тұратын. Қазір, көп жылдардан кейін, пакеттер бұрынғыдай берілетін болса да, оны ешкім пайдаланбайды. Біз, аяғында, ұшу идеясын меңгердік.

Асқазан жарасы – жай қорқу, біз жеткілікті түрде жақсы емеспіз немесе толыққанды емеспіз деп сезінуден де үлкен. Біз өз ата-анамыз, бастықтар, мұғалімдер т.б. алдында жеткілікті түрде жақсы емеспіз деп ойлаймыз. Біз өзімізді қабылдай алмаймыз. Біз басқалардың көңілінен шыққымыз келеді. Сіз жұмыста қандай билікті иеленсеңіз де сізде мұндай проблеманың шешімі - махаббаттың болмауы мүмкін. Өздерін жақсы көретін, құрметтейтін адамдарда асқазан жарасы жоқ. Ішкі сарайыңыздағы сәбиге мейірімді де қамқор болыңыз (біздің жаттығу есіңізде ме?) және оны үнемі қолдап, құрметтеңіз.

Өттегі тас жинақталған ащы ойларды, және олардан айырылуға кедергі жасайтын көкіректікті білдіреді. Келесі жаттығуды жасап көріңіз, өзіңізге үнемі: «Мен өткенімді құлшына отырып босатамын. Өмір де тамаша, менде де тамаша».

Қуықтағы, тік ішектегі, жыныс органдарындағы проблемалар біздің денеміз бен олардың орындайтын функциялары туралы бұзық идеялардың салдарынан болып жатады. Біздің денеміздің әрбір мүшесі -өмірдің өзінің керемет бейнесі. Біз өмір лас және күнәлі деп ойламаймыз ғой? Онда жыныс мүшесі туралы неге бұлай ойлаймыз? Тік ішек те құлақ сияқты тамаша. Біз тік ішексіз шлактардан босана алмай тез-ақ өліп қалған болар едік. Біздің денеміздің әрбір бөлігі және оның орындайтын әрбір функциясы қалыпты, табиғи және тамаша. Біздің жыныс органымыз тоят алуымыз үшін жаралған. Бұл фактіні жоққа шығару – демек қиналу мен жазалауды туындату. Секс ғажап, біз үшін секспен айналысу ішіп-жеу сияқты қалыпты жай. Бір сәтке жаратылыстың шексіздігін көзімізге елестетейік. Бізге мұндайды көзге елестету тіпті, қиын да. Ал Кеңістік ішінде көп галактикалар бар. Күнді көп планеталар айналып жүреді, олардың арасында Жер бар. Барлық Кеңістікті жаратқан Күштің – біздің жыныс мүшемізді бағып отырған бұлттан биікте отырған шал екенін көзімізге елестету маған өте қиын! Дегенмен де бізді бала кезімізде осылай үйретті. Бізге бұл ақымақтықтан арылу өте маңызды. Бірақ та мені дұрыс түсінбей қалмаңыз. Мен ешқашан кез келгенмен болатын еркін сексті насихаттамаймын. Біздің ережеміздің көбісі ескірді, сондықтан көбісі оларды бұзып, екіжүзді бола бастады. Біз санамыздағы сексуалдылық кінәсін жойып, адамдарды өзін және басқаларды сүю мен құрметтеуге үйреткенде ғана олар ең жоғарғы – Мейірім мен Қуаныштың атынан автоматты түрде өмір сүре бастайды. Біздің барлығымызда да, өзімізді жек көру мен өзімізден жиіркенуіміздің әсерінен сексуальдылыққа байланысты проблема өте көп. Сондықтан да біз өзімізге де, өзгеге де нашар көзқарастамыз. Мектептерде сексуальды ағарту жан жақты жүргізілмейді. Біз балаларға олардың денесі, жыныс органдары және сексуальдылығы қуаныш үшін жаратылғанын өте терең деңгейде түсіндіруіміз керек.

Ұрық безі творчестволық энергияны білдіреді. Ондағы проблема – жарыққа шықпаған творчестволық бейімділік.

Аяқ бізді өмірде алып жүреді. Аяқта проблеманың болуы алға жылжу қорқынышын немесе белгілі бір бағытқа бет түзеуге құлықсыздықты білдіреді. Аяғымыз бізді тасиды, тартады, сүйрейді, ал онда семіз, үлкен, балалық реніштерге толы сан тұр. Әрекет етуге құлықсыздық аяқтың проблемасы арқылы білінеді. Аяқ көк тамырының шығуы - сіз жек көретін үй немесе жұмыс.

Сәтсіз оқиға тіпті де «оқиға» емес. Өміріміздегі басқа нәрселер сияқты оларды да өзіміз жасаймыз. Өзіңе: «Менің сәтсіз оқиғаға ұшырағым келеді» деп тіпті де айтудың қажеті жоқ. Біз сәтсіз оқиғаны өзіне тартатын ой танымы жүйесін жасаймыз. Біздің кейбіреулерімізде үнемі бірдеңелер болып жатады, ал кейбіреулер бір сызат түспей өмір сүреді.

Сәтсіз оқиға – бұл наразылық пен реніштің көрінісі. Ол адамның өз сезімін білдірудегі тығырыққа тірелуі мен толық дәрменсіздігінің көрінісі.

Сәтсіз оқиға – бұл сондай-ақ өкімет өкілдеріне қарсы тұру. Біздің ашуланатынымыз соншалық біреулерді ұрғымыз келеді, оның орнына өзімізді ұрамыз. Біз өзімізге өзіміз ренжіген кезде, өзімізді кінәлі сезінеміз, ал өзімізге жаза іздеген кезде, ол сәтсіз оқиға формасында көрініс табады. Былай қарағанда біз сәтсіз оқиғаның кінәсіз құрбандарымыз. Сәтсіз оқиға біздің басқалардың көмегі мен көңіл білдіруін қабылдауымызға жағдай жасайды. Жарамызды жуып, бізді күтеді, біздің төсек тартуымызға тура келеді, кейде бұл ұзақ жылдарға созылады. Біз ауырып ыңқылдаймыз. Ауру арқылы денеміз бізге өмірде біздің неге баса көңіл бөлуіміз қажет екенін білдіреді. Аурудың мөлшері біздің қаншалықты өзімізді жазалағымыз келгенін көрсетеді. Ревматизм - өзін және өзгелерді үнемі сынаудан пайда болатын ауру. Онымен ауыратын адамдар көбінесе оларды үнемі сынайтын адамдарды өзіне тартады. Бұл басқаларды үнемі сынау керек дейтін олардың өз танымдарынан туындап жатады. Олардағы қарғыс – бұл қандай жағдайда да сүйген адамының үнемі «мінсізі» болу тілегі. Олардың жүгі адам төзгісіз ауыр.

Демікпе. Демікпесі бар адамға оның демалуға құқы жоқ сияқты болып көрінеді. Демікпесі бар балалар – бұл ұяты қатты дамыған балалар. Олар барлығы үшін кінәні өзіне қабылдайды. Кейде оларға егер барлық жанұясы бірге көшпесе де, тұрғылықты жерді өзгерту де жақсы көмектеседі. Әдетте демікпесі бар балалар аурудан айығады. Бұған мектеп, өмірлік жаңа жағдайлар, неке ықпал етеді. Бірақ та, кейін өмірде дерт қозған кезде, біреу түймені басып қалғандай болған жағдайлар жиі қайталанды.

Қатерлі ісік – терең қордаланған реніштердің әсерінен болатын, шын мәнінде денені жегідей жейтін ауру. Балалық шақта біздің өмірге деген сенімімізді үзетін бірдеңе болады. Бұл жағдай ешқашан ұмытылмайды да, адам өзіне үлкен аяушылық сезімімен өмір сүреді. Оған кейде ұзақ та байыпты қарым-қатынаста болу қиынға соғады. Өмір бұндай адамдар үшін шексіз түңілулерден тұрады. Тығырыққа тірелу мен үмітсіздік сезімі оның санасын жаулап алады, өзінің проблемаларына байланысты өзгелерге кінә арту ол үшін әлдеқайда жеңіл. Қатерлі ісікпен ауыратын адамдар өзіне өте сыншыл болып келеді. Өзім жүре келе қалыптастырған тәжірибемде көзімнің жеткеніндей, қандай қалыпта болса сол қалыпта өзіңді қабылдай білу мен өзіңді жақсы көре білу қатерлі ісік ауруынан айықтырады.

Артық салмақ – қорғанысқа қажеттіліктен басқа ештеңе емес. Біз аурудан, сыннан, сексуальдылықтан, қорлаудан қорғануды іздейміз. Үлкен таңдау, солай емес пе? Мен ешқашан семіз болған емеспін, бірақ менің өз тәжірибемнен көзім жеткені – мен өзімді батылсыз немесе әлсіз сезінген кезде мен автоматты түрде бірнеше килограммға семіре бастаймын. Қауіп сейілген кезде, ауыр салмақ та жоғалады. Әлеммен күрес – күш-қуат пен уақытты босқа шығындау. Сіз қалай қарсыласуды тоқтатасыз, солай сіздің салмағыңыз қалыпқа түседі. Өзіңе, өмір процесінің өзіне сену, жаман ойлардан аулақ болу – міне арықтаудың әдісі.

Менің ойымша әртүрлі негіздегі ауру – кінәлі сезінудің айғағы. Ал кінә әрқашанда жазалауды іздейді, ал жазалау өз кезегінде ауруды тудырады. Созылмалы ауру кейде біздің өзіміз де білмейтін өзімізде терең көмілген созылмалы кінәлі сезінуден пайда болады. Кінә – пайдасыз сезім. Бұл сезім ешкімге ешқашан көмектеспейді, ол жағдайды өзгертуге дәрменсіз. Сондықтан да өзіңді абақтыдан босат.

Операция (кез келген). Хирургтың араласуы, мысалы, қол-аяқ жарақаты болған кезде адам жазылуға көңіл аудару үшін және соның енді қайталанбауын болдырмау үшін қажет. Бүгінде медицина саласында адамдарға көмектесуге өздерін толығымен арнаған дәрігерлер өте көп. Дәрігерлер холестикалық тәсілдерді көбірек пайдалана отырып емдеу жасай бастады. Сонда біздің дәрігерлер

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір