• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:01:35
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 Аймақтар

ШҚО-да азаматтардың мемлекетік органдарға жүгінуіне арналған ұялы қолданбаны іске қосты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат  агенттігі.

Өскеменде «Азаматтар үшін Qamqor » ұялы қолданбаның тұсаукесері өтті. Оның көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жіберіп, жүгінуге болады. Қазір жоба пилоттық режим жұмыс істеп тұр.

«Азаматтар үшін Qamqor » ұялы қолданба – азамат пен мемлекет арасындағы жедел диалог құралы. Ол азаматтың мәселесінеатысты қандай мемлекеттік орган жауап беретінін білмесе де, өтініш жіберуге мүмкіндік жасайды. Қолданба әзірлеушілердің айтуынша, облыс тұрғыны өз хатына фото-бейнематериал тіркеп, жібере алады.

ШҚО

Қоданбаны құрушылар құпиялылық мәселесін де ескерген, сондықтан қолданушының ашық және жасырын түрде хат жолдау таңдауы бар. ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша Комитеті Төрағасының орынбасары, аға әділет кеңесшісі Әбу-Әли Саттардың мәлімдеуінше, құпиялылық статусына қарамастан барлық өтініштер қаралатын болады.

- Бұған дейін мемлекеттік органға жүгіну і адам қағазбтіне өтініш жазып, конверт сатып алып, пошта шығындарын өтеп, өз уақытын жіберуге мәжбүр болатын. Қазір біз жоғары технологиялар ғасырында өмір сүріп жатырмыз. «Азаматтар үшін Qamqor» қолданбасы санаулы минут ішінд қандай да бір бұзушылықты суретке түсіріп, қысқаша сипаттама жызып, тиісті мемлекеттік органға жіберуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік істер бойынша ҚР Агенттігімен келісім арқылы болашақта түсетін шағымдарды жою жұмыстарын қадағалайтын қоғамдық бірлестік құру жоспарда бар, -деп деді Әбу-Әли Саттар.

Аталған қолданба Қарағандыда іске қосылып, жұмыс істеп тұр. Қазігі таңда қала тұрғындарынан түскен 600 өтініш тіркелді.

Өскеменде бұл қолданбаны тегін түрде Google Play және App Store сервистерінен жүктеу 8 қарашадан басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір