• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:56:39
Алматы
+35°

23 Қаңтар, 2018 Кәсіпкер

Орыстілді ортаға танымал қазақ бизнесмендері

Ақшаны өзіне жұмыс істете білген тұлғалардың ішінде қара жұмыстан бастағандар да, мұрагерлікпен әке жолын жалғағандар да бар

Орыстілді ортаға танымал, алайда қазақтілді аудиторияға бейтаныс бизнесмендердің қарасы қалың. Бірі әлеуметтік желіде танымал болса, енді бірі өз ортасында, яғни кәсіпкерлер арасында беделді.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі еліміздегі орыстілді аудиторияға белгілі бизнесмендердің тізімін ұсынады. Ақшаны өзіне жұмыс істете білген тұлғалардың ішінде қара жұмыстан бастағандар да, мұрагерлікпен әке жолын жалғағандар да бар.

Қайрат Құдайберген

Қайрат Құдайберген

Құрамына үш құрылыс компаниясы, IT компания  кіретін Q3 Worldwide холдингінің негізін салушы. Қарапайым ауыл баласы өз еңбегінің арқасында жетістікке жетіп, ірі бизнесмен атанды.

Сонымен қатар Қайрат Құдайберген  қайырымдылықпен де айналысады. Ақтөбедегі су тасқынында зардап шеккен отбасыға пәтер сыйлап, елді елең еткізген болатын.

Өзінің Instagram парақшасын көбінесе орыс тілінде жүргізеді.

Ержан Рәшев

Ержан Рашев

Блогер және тележүргізуші. Thomson Reuters компаниясының Қазақстандағы аймақтық менеджері. Бұл компания қаржылық ұйымдарға, ірі корпорацияларға, оның ішінде валюта нарығында, қор биржаларында сауда жасайтын мұнай-газ компанияларына ақпараттық-аналитикалық қызметтерді сатады.

Ержан Рәшев Facebook желісінде танымал. Оның 30 мыңнан астам оқырманы бар. Өзінің блогтарын орыс тілінде жүргізеді.

Арманжан Байтасов

Арманжан Байтасов

Бизнесмен, «Мегаполис» , «Бизнес и власть» газеттерінің негізін салушы, 31 арнаның негізін қалаушы және жетекші іскерлік «Forbes Kazakhsatan» басылымның баспагері, United Media Group басшысы, кәсіби журналист, Young Presidents Organization мүшесі.

Muzzonе, НБТ (Бішкек, Қырғызстан) телевизиялық каналдарының толыққанды иесі.

Медиа саласында жетістікке жетіп жүрген бизнесмен ретінде мәлім.

Бейбіт Әлібеков

Бейбіт Әлібеков

Қазақстан телерадио хабарларын тарату қауымдастығының жетекшісі, Bentley Kazakhstan клубының негізін қалаушы. Құрамында бірнеше танымал журнал, телеарна, радио, агенттік және сандық агенттіктері бар First Media Group медиа холдингінің басшысы.

Hacket London ағылшын брендінің және Vertu сәнді гаджеттерінің амбассадоры.

Асқар Байтасов

Аскар Байтасов

Еліміздегі алдыңғы қатарлы мейрамханалар желісі саналатын AB Restaurants компаниясының директоры. Өз бизнесін отбасылық мейрамханада бармен болып бастаған. Бірнеше жылдан кейін «Кофемания», Del Papa итальян асханасы мен «Кружка» барын, «Дареджани» грузин асханасын ашқан. Ал AB Restaurants-тың жылдық табысы – 6-7 млрд теңге.

Нұрлан Смағұлов

Нурлан Смагулов

Танымал бизнесмен, Жаңа Зеландияның Қазақстандағы құрметті консулы, меценат.

Құрамына «Астана Моторс» пен Mega Development кіретін Astana Group компаниясының иесі.

Қазақстандағы Hyundai автомобильдері мен коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы, Қазақстандағы Subaru ресми дистрибьюторы, Қазақстандағы BMW, Mini, Rolls-Royce эксклюзивті импортшысы.

Динара Сәтжан

динара Сатжан

Белгілі тележүргізуші, Астанадағы Monoco қонақүйінің иесі, отандық дизайнерлердің дүкендер желісінің иесі, Jaguar Land Rover брендінің Қазақстандағы амбассадоры.

2017 жылы Qazakhstan РТРК басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

«Миссис Қазақстан – 2009» атанған Динара Сәтжан бүгінде бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Серікбай Бисекеев

Серікбай Бисекеев

Белгілі бизнесмен, тәлімгер, Arman Holding-тің негізін қалаушы және президенті.

Холдинг энергетика және телекоммуникация саласындағы интеграциялық шешімдерді дайындаушы және жеткізуші қызметтерді атқарады.

Холдингтің Ресей, Сингапур, Германия, БАӘ мен Үндістан сияқты елдерде өкілдіктері мен өнімдері бар.

Бизнесмен  өзінің жетістікке жету жолын «Бәрі де өз қолыңда» кітабында жазған.

Қуаныш Шонбай

Қуаныш Шонбай

Қазақстандық танымал ресторатор, «Rumi Group» мейрамханалар желісінің иесі.

Соңғы 2,5 жылда 10 мейрамxана ашқан кәсіпкер «Екінші болма» кітабы арқылы қазақ тілді ортаға да таныла бастады.

Тұрсын Алагөзов

Тұрсын Алагөзов

1998 жылы GALANZ bottlers негізін қалаған. Ал ең атақты өнімі – Maxi Tea. Алматыдағы «Аналар  үйі» қорының қамқоршысы.

Тұрсын Алагөзов белгілі продюсер Баян Мақсатқызымен отбасын құрған.

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір