• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:33:18
Алматы
+35°

08 Шілде, 2018 Аймақтар

Оралда электронды сауда бойынша  сауаттылық арттыратын семинарлар өтуде

Бүгінде облыс бойынша 655 үкіметтік емес ұйым бар болса, олардың 238-і ауылдарда жұмыс жасауда.

«Гауһар жолы»  қоғамдық бірлестігі үкіметтік емес ұйымдарға арнап «Электрондық сатып алу саласындағы сауаттылықты арттыру» тақырыбы бойынша  семинарлар өткізуде.  Онда мемлекеттік әлеуметтік қызметтер порталында сапалы жұмыс істеу, ЭЦҚ, электрондық шот-фактуралар жүргізу бағытында дәрістер оқылуда.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Батыс Қазақстан облысында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасын іске асыруды бастаған болатын. Яғни аталмыш бірлестік облыс бойынша үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық орталығының жұмысын атқарады.

Көптеген үкіметтік емес ұйым мемлекеттік әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс істегенде қателіктер жіберіп жатады.  Мысалы, олар қажетті бір құжатты қоспай қалуы мүмкін немесе тиісті үлгіде жазбайды. Ал порталды міндетті түрде ұстанатын нақты  ережелер бар. Біз бұл семинарға негізінен ауылдық жерлердегі ҮЕҰ-ны шақыруға тырыстық. Өйткені олар порталда жұмыс жасағанмен, ол жөнінде ақпараттары аз. Оқыту барысында оларға порталда қалай сауатты жұмыс жасау қажеттігі жөнінде жан-жақты ақпарат беретін боламыз. Семинардың мақсаты да осы ұйымдардың кәсібилігін арттыру болды. Біз алдағы уақытта ҮЕҰ өкілдері порталда сауатты жұмыс жасайтынына сенеміз. Бүгінде облыс бойынша 655 үкіметтік емес ұйым бар болса, олардың 238-і ауылдарда жұмыс жасауда. Қыркүйек айына қарай ауылдық жерлердегі ҮЕҰ-лар үшін форум өткізуді жоспарлап отырмыз, дейді  «Гауһар жолы» ҚБ жетекшісі  Гүлнара Касенова. 

Оқыту семинарына Зеленов, Ақжайық, Жәнібек, Теректі, Сырым және Тасқала аудандары мен Ақсай, Орал қалаларындағы үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір