• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:51:06
Алматы
+35°

23 Наурыз, 2018 NEWS

Орал-Атырау тас жолында бір адам қаза тауып, тоғызы жараланды

Жол апаты кеше сағат 16:30 шамасында Орал-Атырау тас жолында болды. Куәгерлердің айтуынша, Nexia мен ВАЗ-21099 көліктері соқтығысқан.

Ақжайық ауданының Богатск кентіне жақын маңда екі көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам көз жұмып, тоғызы зардап шекті, деп хабарлайды Мой город.

 

Жол апаты кеше  сағат 16:30 шамасында Орал-Атырау тас жолында болды. Куәгерлердің айтуынша, Nexia мен ВАЗ-21099 көліктері соқтығысқан. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғали жол апатынан 9 адам зардап шеккенін, бір әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмғанын мәлімдеді. 

— 47 жастағы ер адам облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Тағы екеуі Ақжайық аудандық ауруханасына жүгінді, — деді Беркінғали. 

Айта кетсек, кеше шұғыл қызмет ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялаған болатын. Көктайғаққа байланысты барлық бағыт бойынша тас жолдар жабылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір