• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:04:07
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО-да ақын Орынбай Таймановтың 150 жылдығы аталып өтті

Шара Орынбай Таймановтың кесенесінде құрбандық шалынып, құран оқумен басталды

Бәйдібек ауданы Боралдай ауылында «Боралдайдың бозторғайы» ақын Орынбай Таймановтың 150 жылдығы аталып өтті. Шара Орынбай Таймановтың кесенесінде құрбандық шалынып, құран оқумен басталды. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Бәйдібек ауданының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
 
Одан кейін Боралдай ауылындағы «Қаратау» мәдениет үйінде жалғасып, аудан әкімі Б.Танагөзов келген қонақтар мен аудан тұрғындарын құттықтады. О.Таймановтың 150 жылдығын атап өтуге, кесенені қалпына келтіруге үлес қосқан бірқатар азаматтарды ақынның 150 жылдық медалімен және алғыс хаттармен марапаттады. Жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Е.Тұрысов пен қоғам қайраткері, жазушы М.Байғұт О.Таймановтың өлеңдері, жыр-дастандары, айтыстары жинақталып, жарық көрген кітабының лентасын салтанатты түрде қиды.
 
Шара республикалық ақындар айтысына жалғасып, еліміздің Астана, Жамбыл Қызылорда, Семей Шымкент қалалары мен Бәйдібек ауданынан барлығы 10 ақын қатысты.
 
Айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлде автокөлікті Бәйдібектік Біржан Байтуов, бірінші орынды Алматылық Ринат Зайытов, екінші орынды Бәйдібектік Қажымұқан Абзалов, үшінші орынды Семейлік Рүстем Қайыртай иеленді. Сонымен қатар айтыскер ақындарымызға аудан әкімдігі дайындаған аудан әкімінің, Гүлсім Әділбекованың, Абай Айнабековтің, Аманбай Қанашайдың, Манатқызының, Айнабек Нысановтың арнайы жүлделері мен О.Таймановқа 150 жыл медалі табыс етілді.
 
Айта кетейік, 1991 жылы іргетасы қаланып, ақынның кесенесінің соғылуына тікелей басшылық еткен, еліміздің қоғам қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облысының, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарының, Жамбыл облысының Шу ауданының «Құрметті азаматы» О.Асанғазиева ақын О.Таймановтың 150 жылдығына байланысты өткен республикалық ақындар айтысының қазылар алқасына төрағалық етті.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір