• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:22:20
Алматы
+35°

12 Қараша, 2018 Аймақтар

Онлайн сауда серкелері тұтынушыларға қандай кеңес береді?

Мұнда онлайн сауда тұтынушыларына арналған құнды кеңестер айтылды

Қарашаның 3-інде Қазпоштаның Робопост кеңсесінде «Онлайн шопингке арналған лайфхак» өтті. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған  айтулы шара ТМД аумағында да бұрын-соңды болмаған көрінеді. Мұнда онлайн сауда тұтынушыларына арналған құнды кеңестер айтылды.

Спикерлер онлайн нарықта әжептәуір жетістікке жеткен, осы саланың қыры мен сырын білетін мамандар. Бұл басқосуда тауарлардың 4 категориясы сөз болып, онлайн нарықтағы біз біле бермейтін құпиялардың басы ашылды. Мәселен, Айя Жами  киім-кешек саласы бойынша онлайн жеңілдіктерді айтса, Максим Якименко түрлі гаджеттерді қалай төмен бағаға алуға болатынын айтып берді. Ал Айгерім Мұхамеджанова балаларға арналған киімдерді ойлайн сауда арқылы алуды баяндап, Ерұлан Измаилов спортқа не қажет, не пайдалы деген сұрақтарға жауап берді.

Цифрландыру

Онлайн сауданың артықшылықтары

«Біріншіден, бұл өте ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді. Екіншіден, артық күш жұмсамайсыз және аз шығындаласыз. Үшіншіден, онлайн шопинг сіздің гардеробыңызда жоқ киімдерді ұсынады. Бұл дегеніміз киімнің өлшемін таба алмайтындар үшін, ұқсас киім алмас үшін айтарлықтай септігін тигізеді. Тапсырыс кезінде міндетті түрде промокодты Google-дан теріп, арнайы қараңыз. Өйткені, жеткізу ақысы тегін болуы мүмкін немесе кейде 20-30 пайыз көлемінде жеңілдіктер қарастырылады. Америкалық тауарларға әсіресе желтоқсан айының 20-нан кейін жеңілдіктер болады. Постоматтар арқылы тапсырыс берсеңіз, үйіңіздің жанынан өз тауарыңызды алып кетесіз», – деді А. Жами.

Сауда мен электронды сауданың айырмашылықтары

Гаджеттер категориясы бойынша Максим Якименко айтып берді. Ол нарықтағы телефонның бағасы мен оның интернет-дүкендегі бағасын салыстырудан бастады.

«IPhone XS-тің 64 ГБ Technodom-да 540 мың теңге тұрады, ал ComputerUniversе деген порталда оның құны 140 мың теңгеге арзан, яғни, 400 мың теңгені құрайды. Мұндағы ерекшелік – 2 аптада жеткізіледі. Ал Technodom-дағы ерекшелік – сіз смартфонды несиеге ала аласыз», – деді М. Якименко.

Цифрландыру

Кеңестер

Егер де интернет-дүкен туралы ешқандай пікір болмаса мамандар тауар сатып алмауға кеңес береді. Сондай-ақ, онлайн саудагерге түрлі сауалдарыңызды қойып, жеңілдіктер туралы сурауларыңызға мүмкіндік бар. Жаппай сатылымдар жиі болып тұрады (жеңілдіктер түні, мерзімдік жеңілдіктер және т.б.). Бұған қоса, онлайн саудагерлердің рейтингін қарап тапсырыс беру – көп келеңсіздіктер құтқарады. Интернет-дүкендердің мобильді қосымшаларын қолдану өз кезегінде мобильді бонустарды жинайды (Мәселен, AliExpress.com).

Іс-шараның аясында шотында  25 мың теңгесі бар брендтік карта ойнатылды. Ол үшін қатысушылар өзін суретке түсіріп (селфи) #менонлайнсатыпаламын деген хэштегпен әлеуметтік желіге (Instagram, Facebook) жүктеуі тиіс болған еді. Сәйкесінше, қазылар алқасы ең креативті суретті таңдап алып марапаттады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір