• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:19:39
Алматы
+35°

15 Қаңтар, 2019 NEWS

Оксана Тен: Жанар Толыбаева Денис өлген күнге дейін Еуропамен байланыста болған

«25 сәуірде сағат 21:54-те Еуропаға қоңырау шалыпсың. Кіммен сөйлестің?», - деп сұрады Толыбаевадан Оксана Тен.

Денис Теннің өлімі күдікті Жанар Толыбаеваның қоңырауларымен байланысты болуы әбден мүмкін. Ол қандай қоңыраулар? Марқұм спортшының анасы осыған байланысты сотта тың деректер келтірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазТаг порталының дерегіне сүйеніп.

«Телефон қоңырауларына байланысты өтініш жасағым келеді. Денистің өліміне сол нөмірдің қатысы әбден болуы мүмкін. Бұл мәселе келесі тыңдалымға дейін анықталады деп үміттенемін» - деді Оксана Тен дүйсенбіде өткен сот отырысында.

Денис Теннің анасының айтқанына сенсек, сотталушы Жанар Толыбаева 2018 жылдың сәуірінен бастап шетелдік бір нөмірмен жиі хабар алмасып тұрған.

«25 сәуірде сағат 21:54-те Еуропаға қоңырау шалыпсың. Кіммен сөйлестің?», - деп сұрады Толыбаевадан Оксана Тен.

Алайда сотталушы Еуропаға хабарласпағанын, ол қоңырау не Өзбекстан, не Қырғызстанға шалынған болуы мүмкін екенін айтты.

Бірақ Оксана Тен өз дегенінен қайтпады.

«Қайда хабарласқанын анықтауларыңызды сұраймын. 4-тен басталатын нөмір Еуропаға тән. Шығыс, кіріс нөмірлері болған. Сен бір нөмірге хабарластың, ол нөмір артынша саған қайта хабарласқан. Басқа күні сен тағы хабарластың, көп ұзамай саған басқа нөмірге хабарласты», - деді Тен.

«Операторлар шығар. Мен Еуропаға хабарласқан жоқпын», - деді Жанар Толыбаева.

«Мен күндер бойынша анығырақ айтайын: 24 сәуірде Толыбаеваға біреу хабарласады, 25-і сол нөмірге Толыбаеваның өзі хабарласады. Бұл қоңырау 6 мамыр, 3 шілде, 5 шілде, 7 шілде және 20 шілде қайталанған. Шығыс қоңыраудан кейін бірден кіріс қоңырау... Осыған байланысты оның кіммен байланысқа шыққанын анықтауларыңызды сұраймын. Соңғы қоңырау ол лақтыра салған сим-картадан шалынған. Толыбаева хабарласты, алайда оған қайта қоңырау шалынбады», - деді Оксана Тен сенімді түрде.

♦Денис Теннің өлімі: Куәгер екі полицей оқиғаның қалай болғанын баяндады

♦Денис Тенді кім өлтіргені белгілі болды

Айта кетейік, Елдің мақтанышы, қазақстандық фигурист Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде қайтыс болды. Денис өзінің көлігіндегі айнаны ұрламақ болған екі ұрыны байқап қалады. Ұстамақ болғанда, қылмыскерлердің  бірі оның санына пышақ салып жібереді. Көп қан жоғалтқан Денис Тен ауруханада қайтыс болды. Денистің жасы небәрі 25-те еді.

♦"Денис Тенді тапсырыспен өлтірген болуы мүмкін"

Фигуристің ісі бойынша бүгінде үш күдікті анықталып отыр: Олар - Арман Құдайберген, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева.

♦"Денис Тен пышақтан қорыққан жоқ": Қылмыскер спортшыны қалай өлтіргенін айтып берді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір