• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:14:41
Алматы
+35°

«Жақсының жақсылығын айт, НҰРЫ тасысын» - деген қазақта жақсы сөз бар. Бірақ, мен біреуді мақтайын деп отырғаным жоқ, әңгіме сол «Нұр» сөзі жайлы ғой...
Кей ағаларымыздың қалжыңы шектен шығып жатады. Алматы қаласының шағын аудандары мен көшелері атауының қазақшалануы – үлкен бір жемісті іс. Ал жаңа атауларға «Нұр» сөзі қосылып жатса, онда тұрған не бар?! Әлде, олар, орысша атаулардың қазақшалануына қарсы болып отыр ма? Менің білуімше, 27 шағын ауданның тек үшеуінде ғана «Нұр» сөзі бар. Қазақта қаншама нұрға басталатын адам аттары да бар. Нұржан, Нұрлан, Нұрислам, Нұрберген, тіпті менің атымда да нұр сөзі бар. Сондықтан да бұл мәселені саясиландыру артық. 

♦"Колхозшы" енді - "Нұр шашқан", "Алатау" болса - "Нұр Алатау"

P.S.: «Қуаты күшті нұрлы сөз, қуатын білген абайлар». Абай Құнанбаев.

Елнұр Бейсенбаевтың Facebook парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір