• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:15:17
Алматы
+35°

18 Ақпан, 2019 Саясат

Нұрділдә Ораз ҚР ІІМ кеңесшісі әрі ресми өкілі атанды

Көпшіл азамат енді министрдің де БАҚ өкілдерімен жұмыс істеуіне атсалысады деп ойлаймыз.

ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі ресми өкіл-баспасөз хатшысы болып Нұрділдә Ораз тағайындалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Нұрділдә Серікұлы 1981 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қарағанды академиясын бітірген. Еңбек жолын Алматыдағы «ЮСА» телеарнасының тілшісі болып бастаған. «31 арна» телеарнасы «Информбюро» жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі,  «Астана» телеарнасының редактор-жүргізушісі, репортер-сарапшысы, «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңалықтар жүргізушісі, «Апта.kz» бағдарламасының жүргізуші-редакторы болған.

2007 жылы ішкі істер органына ауысып, Астана қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы, мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы, департамент бастығының баспасөз хатшысы  қызметтерін атқарды.  ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры-министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі, ҚР Бас прокуратурасы Аппарат басшысының орынбасары, «ОРТ-Еуразия» телеарнасы бас директорының орынбасары болды.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір