• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:55:06
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2019 NEWS

«Нұр Отанның» бастамасымен бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесі іске қосылды

Қазіргі таңда партияның еліміз бойынша 230-ға жуық қабылдау бөлмесі бар

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Іс-шара барысында партия Төрағасының Бірінші орынбасары аталған әлеуметтік терезенің қызметі жайында кеңінен айтып берді.

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев елімізде Елбасының тапсырмасымен әлеуметтік саланы дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Сонымен қатар, ол халыққа көрсетіліп келе жатқан мемлекеттік әлеуметтік көмек түрлеріне назар аударды.

Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы мен соңғы Жолдауында да халықтың әл-ауқатын жақсартып, тұрмыс сапасын арттыруға басымдық берілгені белгілі. Атап айтқанда, Жолдауда Елбасы баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету, тарифтерді шектеу, ең төменгі жалақы көлемін өсіру, медициналық қызмет сапасын арттыру жәнетағы басқа да нақты мәселелерге назар аударып, тиісті тапсырмалар берді. Бүгінде сол бағыттар бойынша мемлекеттік органдар жүйелі жұмыс жүргізуде, – деді Мәулен Әшімбаев.

Халықтың осындай ауқымды жұмыстардың игілігін көруі үшін оларға мемлекеттік қолдаулар туралы ақпаратты жеткізудің маңызы зор. Осы мақсатта «Нұр Отан» партиясытың бастамаларды қолға алып отыр. Солардың бірі Бірыңғай әлеуметтік терезелер.

Бүгінде көптеген қазақстандық отбасылардың заң бойынша өздеріне тиесілі көмекті ала алмай отырғанын көріп отырмыз. Сол сияқты жергілікті атқарушы органдар тарапынан да берілетін көмектен қағылып отырған отбасыларбар. Оған бюрократиялық келеңсіздіктерден бастап, жай ғана білмеу мәселелеріне дейінгі түрлі жайттар себеп. Сондықтан, партия аталған Кеңес аясында еліміз бойынша Бірыңғай әлеуметтік терезе жобасын қолға алды. Бұл жоба партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы қызмет көрсетеді. Ол жерде көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж азаматтар мемлекет пен жергілікті бюджеттен берілетін өздеріне тиесілі әлеуметтік көмектер туралы нақты кеңестер алуға мүмкіндік бар. Біздің қызметкерлеріміз тек ақпарат беріп қана қоймай, істің соңына дейін жеткізілуін қадағалайды, – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

Қазіргі таңда партияның еліміз бойынша 230-ға жуық қабылдау бөлмесі бар. Яғни, аталған әлеуметтік терезе солардың барлығында ашылады. Онда көп балалы аналарды жұмыспен қамту, қайта оқыту, балаларды балабақша мен мектептерге орналастыру, заңгерлік кеңестер сияқты басқа да көптеген қолдаулар мен қызметтер көрсетіледі.

Сонымен бірге аталған әлеуметтік терезелер арқылымұқтаж жандарға көмектескісі келетін үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлерге де мол мүмкіндіктер тумақ. Нақты айтқанда, партияның қабылдау бөлмелерінде көмекке зәру отбасылардың тізімі жасақталады. Сол арқылы қайырымдылық жасағысы келген азамат тікелей мұқтаж отбасыларға көмектесуге мүмкіндік алады. Ол үшін қаржыны арнайы қорға немесе басқа жерге аударудың қажеті жоқ. Партия бастамашы болған Бірыңғай әлеуметтік терезелердің қызметі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатынын да атап өткен жөн.

Іс-шара барысында «Бақытты отбасы» партиялық жобасының қайта жанданатыны туралы да айтылды. Соларқылы мемлекеттік орган өкілдері мен нұротандықтар әрүйді аралап, көмекке мұқтаж отбасылар мен зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар туралы мәліметтер жинақтайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір