• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:03:58
Алматы
+35°

28 Тамыз, 2018 Саясат

Мұғалжар ауданы басшысы бір жылда 35 жетім балаға баспана сыйлаған

«Мейірімді жүрек» акциясы бойынша ата-ана қамқорлығынсыз қалған 74 баланың есепшоты 12 млн теңгеге дейін көбейтілді.

Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов тамыз кеңесінде аудан бюджетінен бөлінген қаржының 80 пайызы білім саласына жұмсалып жатқанын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі aktobenews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

«Ауданда мектептердің барлығы оқулықтармен толықтай қамтамасыз етілді. 38 мектеп, 26 балабақша, 5 қосымша білім беру мекемесі бар Мұғалжар ауданы білім саласына тиісті деңгейде қолдау көрсетіп отыр. Аудан бюджетінің 80 пайызы, яғни 5 млрд 200 млн теңге осы саланы дамытуға жұмсалады. Биылғы жылдың өзінде ауданымызда үш мектептің құрылысы басталып кетті», — дейді Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов.

Әкім аудандағы жетім балаларға оқу жылының басында пәтер кілті табысталатынын айтты.

«Ауданда «Мейірімді жүрек» акциясы бойынша ата-ана қамқорлығынсыз қалған 74 баланың есепшоты 12 млн теңгеге дейін көбейтілді. Осыдан үш жыл бұрын ауданда 3 жетім бала үй алған. Биыл облыс әкімінің бастамасымен Қандыағаш қаласында 5 қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, 35 жетім бала баспанамен қамтамасыз етілді. Қазіргі күні ауданда облыстық бюджеттен тағы 5 қабатты үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қыркүйек айында ата-ана қамқорлығынсыз қалған тағы 10 балаға үй беруді жоспарлап отырмыз», — дейді Ербол Данағұлов.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір