• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:24:14
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Экономика

Мемлекет басшысы: Біз, қазақстандықтар – оптимистпіз

«Черчилльдің сөзімен айтсақ, «пессимист бәрінен тек жаманды іздейді, ал оптимист – жақсыны», - деді Назарбаев.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Global Challenges Summit 2018 пленарлы отырысында қазақстандықтардың бүгінгі жетістіктері жайлы айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Совет одағында 15 республика болды, Қазақстан 12-13-ші орында еді. Ресейден кейін Украина болатын. Бүгінде Қазақстан экономикасы мен қарқыны жағынан екінші орында. Әрине, қиындықтар бар. Барлығы қарқынды дамып жатыр, бүгінгі күнге жету үшін біз ұзақ дайындалдық. Біздің альтернативті индустрия құру бағытындағы жұмысымыз, жастарды оқытуға талпынысымыз, жоғару оқу орындарын ашуымыз –барлығы да бүгінгі күнге дйындық болды. Сондықтан Черчилльдің сөзімен айтсақ, «пессимист бәрінен тек жаманды іздейді, ал оптимист – жақсыны», мен қазақстандықтарды оптимист деп санаймын», —деді Назарбаев. 

Бұған қоса Назарбаев Астананың 20 жылдығын ескеріп, бұрындары тек шет аймақтық қала ғана болғанын есіне алды.

«Біз болашаққа оптимизммен қараймыз. Қазақстан – аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ халқы мен экономикасы жағынан шағын ғана. Десек те Орталық Азияда біздің экономиканың көлемі Кавказды қоса алғанда, қалған мемлекеттерден тұтастай алғанда жоғары. Біз мұнымен мақтанамыз. Біз болашаққа оптимизммен қараймыз. Болашақта жаңа техниканы, технологияны меңгерген елдер қатарында болғымыз келеді», — деді Елбасы.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен  Challenges Summit 2018 форумының жалпы отырысы өтіп жатыр. Форум 17-19 мамыр күндері өтеді. Онда әлемнің түрлі елдерінен 500-ге жуық спикер қатысты. Форум барысында Нұрсұлтан Назарбаев алып мемлекеттер арасындағы келіспеушілік сынды мәселелерге тоқталып өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір