• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:11:38
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2018 Алаш-Орда

Макс Боқаевтың анасы: Менің ұлым – көп азаматтың бірі (видео)

Аталған жиынға келгендердің қатарында жер үшін бейбіт шеруге шыққан Макс  Боқаевтың анасы Рахила Қожасова да болды.

2017 жылы 25 желтоқсанда Алашорданың құрылғанына  100 жыл толуына орай Qamshy.kz ақпарат агенттігі  игі жақсылардың басын қосып, «Алаш арыстарының 100 ізбасарын» марапаттаған болатын.

Аталмыш жиынға келгендердің қатарында жер үшін бейбіт шеруге шыққан Макс  Боқаевтың анасы Рахила Қожасова да болды. 

— Бүгін Алаш Орданың 100 жылдығына орай үлкен жиын өтіп жатыр. Әрине Алаш Орданың орны бөлек. Өлі разы болмай тірі байымайды демекші, осы Алаш арыстарының арқасында біз тәтті тамақ ішіп, ақ сарайда отырып, жайбырақат өмір сүріп жатырмыз.  Алаш арыстарын еске алып, жиынға қазақтың біртуар азаматтары мен азаматшаларын шақырғанына дән ризамын, – деген Рахила Қожасова ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

— Қазіргі жастардың бәрі білімді, саналы. Тек сол жастарды жетелеп, бағыт-бағдар көрсететін үлкен буын қажет. Көбінесе біз жастарды сынап жатамыз, алайда жастар жаман болса да, біз оларды өз баламыздай көруіміз керек. Менің ұлым Макс Боқаев 2016 жылы 23 сәуірде бейбіт митингке шығып, «Жерді сатпайық, жерді шетелдіктерге бермейік» деген сөзі үшін 5 жылға сотталып, түрмеде отыр, — деп өз ұлының ауыз толтырып айтарлықтай батырлық жасамағанын, тек өзінің азаматтық борышын өтегенін айтып өтті.

— Біз балаларымызды патриоттық сезімде тәрбиелеуіміз керек. Біздің бүгінгі Алашорданы насихаттауымыз аздық етеді. Радиода, теледидарда қазақтың күмбірлеген күйі мен дәстүрлі әні жиі көрсетіліп тұрса, жастардың өрісі кеңейіп, жігері артады. Осындай іс-шаралардың саны көбейіп, халыққа жиі насихатталса, нұр үстіне нұр болар еді. Менің ұлым – көп азаматтың бірі. Амандық болса, ол да келер. Бірақ маған, әрине, оңай емес. Халыққа көп рақмет айтқым келеді. Біреуі іштей, енді бірі сырттай қолдап жатыр. Халқымыз аман болсын! Бірлігіміз жарассын! — деп, келешек жастардың осындай жақсы дәстүрді жалғастыратынына сенім білдірді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір