• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:44:53
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2019 Саясат

Лукашенко Ресей мен Беларусия қарым-қатынасына байланысты: Ешкім ешкімді тізе бүктірмейді

Беларусия президентінің айтуынша, Ресей мен Беларусия арасындағы қарым-қатынас тек бірдей деңгейде ғана дамиды

Беларусия президенті Александр Лукашенко «Беларусия Ресейдің құрамына кіруі мүмкін» деген әңгімелерді тоқтату керектігін айтты. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті БЕЛТА ақпарат агенттігіне  сілтеме жасап хабарлайды.

Беларусия президентінің айтуынша, Ресей мен Беларусия арасындағы қарым-қатынас тек бірдей деңгейде ғана дамиды.

«Ресейлік ақпарат көздері айтып жүргендей, бұл тек менің қалауым емес, бұл кез келген одақты құрудың іргелі принциптері. Біз қашан да өз халқымыздың пікіріне құлақ асуымыз керек. Сондықтан, екі ел қосылуы мүмкін емес, мұның себептері де көп», - деп мәлімдеді Александр Лукашенко Минскіде билік өкілдерімен өткен кездесуде.

Сонымен қатар, Лукашенко Ресей президенті Владимир Путиннің "Мәскеу мен Беларусия қосыла алмайды" деп айтқанын тілге тиек етті.

«Алдағы уақыттағы жағдайын ескерсе, Ресейдің Беларусияны өзіне қосып алуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, екі ел бір-бірін тізе бүктірмек деген сияқты әңгімелерді тоқтату керек», - дейді Лукашенко.

Айта кетейік, Ресей мен Беларусия қосылуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты Кремльде мәлімдеме жасаған болатын. Белгілі болғандай, Мәскеу мен Минск қалалары бір бағытқа қарап емес, бір-біріне қарай жылжып келеді. Өткен жылдың соңында Владимир Путин кәсіподақтың әскери доктринасын мақұлдап, премьер-министр Дмитрий Медведев Ресей мен Беларусияның интеграциясы бойынша жұмыс тобын құрған болатын. Медведевтің айтуынша, Ресей Беларусиямен бірлесе отырып ақша басып шығаратын және кедендік қызмет орталығын, сот және есеп палатасын құруға дайын. Мұндай жағдайда, екі ел бірыңғай салық саясатын жүргізе алады.

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір