• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:52:21
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2019 Әлеумет

1."Өзбек байыса там салады, қазақ байыса "Камри" алады".
2. "Қатын алма, (Порше)" Кайен" ал.
3. "Самурай келсе, Шу құриды".
4. "Құда да тыныш, Қуаныш Сұлтанов та депутат".
5. "Мэрдің екі сөйлегені - көнгені"
6. "Жақсы ВИП қымбат көлігін көрсетпейді"
7. "Ерінбеген - Есімов сияқты болады".
8. "Құласаң- нардан Кулагин".
9. "ВИП"- жеті ("Самрұқ)- Қазынаның" пірі".
10."Есiмовтiң жүгi жеңiл болса, жатаған келедi".
11."Тимурды қызған кезде сор".
12."Болар Гога, "Богынан".
13."Өнетін бала Гогаға жүгіреді".
14. "Курица - не птица, Аблязов – не оппозиция".
15. "Қалауын татса, Коржова жанады".
16. "Ақ жол" көрсе, Перуашев жолдан таяды".
17. "Жақсы сөз - "жарым" Ыдырысов (Ерлан)"
18. "Ауру қалса да (жақсы қызметтен) Әсет қалмайды".
19. "Ауыл ВИП-інің құйрығы қайқы".
20. "Төркіні Ресейдің төсегі жиналмайды"
21. "Кет десе ВИП те кетеді"
22. "ВИП-ке өкпелеп тоныңды отқа жақпа"
23. "Қорқа-қорқа Қоянбаев та киножұлдыз болыпты".
24. "ФИИР- сипағанды білмеді"
25." Аузы қисық болса да Мұxамедиұлы сөйлесін"
26. "Ондай-ондай Дариға Нұрсұлтанқызында да болады"
27."Платон(ов) мой друг, но Исекешев одан жоғары!"
28. "Күйеу - жүз жылдық, құда - Мыңбаев (Сауат)"
29. "Асланның сынығы, Шораздың қиығы, Асылжанның сиыры"
30. "Өз Обамасы өзiне..."
31. "Ресейдi Путин билейдi, Путиндi бұтым билейдi" (Алина К.)
32. "Әкімнің қырық жаны бар"
33. "Қырықтың бірі- Қыдырәлі (Болманов)".

Ескерту: Қосамын деушілерге есік ашық

Серік Аббас-шахтың Facebook-тегі парақшасынан алынды

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір