• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:27:33
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2019 NEWS

Көз жұмған ұшқыштың әріптестері: Ол өз ісінің шебері еді...

Олардың айтуынша, ұшқыш өте көңілді, позитивті адам болған

17 қаңтар күні Алматы қаласында Наурызбай ауданындағы «Алатау» санаториясының аймағына тікұшақ құлады. Алты адамға арналған тікұшақта жалғыз пилот қана болған, апатты жағдайдан кейін ол ауруханаға барар жолда қаза тапты. Марқұм ұшқыштың жасы 50-де екен және өмірінің жартысын ұшқыш қызметіне арнаған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасының мәліметіне сүйене отырып.

Белгілі болғанындай, ұшқыш жеке тапсырыс бойынша ұшып шыққан. Аталмыш оқиғаға байланысты тергеу ісі басталды. Апатқа ұшыраған тікұшақ 2017 жылы Франция қаласында құрастырылған, бүгінде ол тікұшақтың бір сағаты 590 мың теңге тұрады екен.

“Sky Servise” компаниясы аталмыш тікұшаққа арнайы сертификаты бар техникикалық орталық қызмет көрсетіп отырғанын және үнемі ұшар алдында тексерістен өткізілетінін айтты.

17 қаңтар күні кешкілік Алматы қаласында қою тұман болып, соның салдарынан бірнеше рейс кейінге шегерілген болатын. Алайда бұл апат ауа райына қатысты ма, әлде жоқ па,  ол жағы әлі белгісіз.

Қаза тапқан ұшқыш Валентин Шитовты әріптестері "өз ісінің маманы еді" деп еске алды. Олардың айтуынша, ұшқыш өте көңілді, позитивті адам болған. Валентин Шитов Саратов қаласында әскери-ұшқыш училищесін тәмамдап, өзінің еңбек жолын Атырауда бастаған, кейіннен шекара қызметіне ауысқан, бес жыл бұрын марқұм азаматтық авиация саласына келген.

«Біз жақсы таныс болдық, өзі денелі, бойшаң болатын. Үнемі көңілді болып, күліп жүретін, мейірімділігімен адамдарды өзіне баурап алатын қасиеті болды. Қазір енді мен біртүрлі жаман күйде отырмын...» - дейді марқұмның әріптесі Стальбек Әлімқұлов.

«Бұл – өте ауыр қаза. Валентин ұқыпты, достарымен және әріптестерімен өте жақсы қарым-қатынаста болатын. Біз досымыздан айырылдық, біз үшін орны толмас қайңы болды. Барлық жақындарына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамын», - деп айтып өтті әріптесі Валерий Севастьянов.

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде тікұшақтың дауысын естігендерін және қою тұман болғандығын айтты. Сонымен қатар, олар марқұм Валентин Шитовты тікұшақты адамы жоқ  қауіпсіз жерге қарай бұрып, сұмдық апаттан құтқарып қалған батыр" деп атады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір