• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:03:26
+35°

12 Шілде, 2017 Кәсіпкер

Көппәтерлі 20 мыңнан астам тұрғын үй апаттық жағдайда

11 шілдеде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Қазақстан мен Өзбекстандағы тұрғын үй басқармасы» тақырыбында халықаралық...

11 шілдеде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Қазақстан мен Өзбекстандағы тұрғын үй басқармасы» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Жиынға неміс қауымдастығы мен бизнесінің өкілдері, Өзбекстаннан келген тең құқылы серіктестер, мемлекеттік органдар, Пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері, Қазақстанның 14 өңірінен көтеріліп отырған мәселеге қызығушылық танытқан басқарушы және сервистік компаниялар қатысты.

Аталған конференция Ұлттық палата мен неміс, өзбек серіктестерінің үшжылдық ынтымақтастығының бастапқы іс-шарасына айналды.

Еске салсақ, «Атамекен» ҰКП 2017 жылдың 31 мамырында  IWO-Бастамасымен «Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» туралы Келісімге қол қойған еді. Бұл келісім туралы Ұлттық палатаның IV Съезінде айтылды. Жобаны Еуроодақ қаржыландырады.

«Бүгінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына қоғам қайраткерлері, ҚР парламентінің депутаттары ғана емес, Мемлекет басшысы назар аударып отыр. Бұл сала реформалаудың келесі кезеңі аясында мемлекеттік реттеу қағидаттарын жетілдіру нысанына айналып отыр», – деп сөз бастады «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның қабылданғанына 10 жыл толды және тұрғын үй қорын басқару қағидалары түбегейлі өзгермеді. 1197 жылдан бері тұрғын үй қорын басқару меншік иесінің қолына өтті. Қазіргі жағдай оларға білікті ұйымдастырушылардың кәсіби тәжірибесі керек екенін анық көрсетеді.

«Бүгінде Қазақстанда 78 мың тұрғын үй санында тіркелген шамамен 35 мың кондоминиум бар. Нәтижесінде Пәтер иелері кооперативіне 6 тұрғын үйден келеді деген сөз. Мәліметтерге сүйенсек, 2016 жылы мемлекеттік органдарға ПИК қызметіне 5 мың шағым түскен. Бұл мәселенің қордаланғанын көрсетеді», – деп атап өтті Басқарма Төрағасының орынбасары.

Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үй саны – 78371, олардың ішінде – 20 437 (26%) апаттық жағдайда тұр.

Бұл мәселені Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да назардан тыс қалдырмады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесін сапалы модернизациялау керек. Бизнестің мәселесін шешуге, шоғырландыру, нығайту үшін және қызмет үшін негізді қалыптастыруға арнайы құрылған «Атамекен» осы бағыттағы жұмысты қарқынды жүзеге асыруды қолға алды.

Жоба бойынша ең алдымен әлеуетті қатысушылар тобын, заңнамалық жетілдірілмегендікті, басқарушы компания мен ПИК-тің мүмкіндіктерін және әлеуетін зерттеу жоспарланған.

Жобаның толық мерзімі ішінде Ұлттық палата бизнеске жылжымайтын мүлікті басқаруды дұрыс әрі жоғары деңгейде басқаруға көмектесу үшін бірнеше семинар ұйымдастыруда жоспарға енгізді.

Конференция аясында неміс серіктестер өз баяндамаларында Германияда тұрғын үйді басқару жүйесіндегі ерекшеліктер туралы, тұрғын үй басқаруындағы бизнес-делдалдық ұйымдардың қызметі қандай қағидалар негізінде құрылғаны туралы хабарлады.

«Қазақстанда жұмыс істегенімізге 10 жылдан асты. Біз Ұлттық палатадай сенімді серіктес таптық, осы арқылы тәжірибе алмасып, бірлескен жобаларды қолға алдық. Тұрғын үй қорын дамыту – маңызды бағыттардың бірі. Сондықтан орын алған мәселені шешуге әрдайым дайынбыз», – деді Германиядағы IWO компаниясының директоры Кнут Хеллер.

Ал Өзбекстандағы тұрғын үй қорына қызмет көрсететін кәсіби басқарушы ұйымдар қауымдастығының атқарушы директоры Башорат Джумаева өз елдеріндегі басқару жүйесі туралы баяндады.

IWO жобасының үйлестірушісі Йоханн Штрезе жоба аясында Германияда тәжірибе алмасу қарастырылғаны жоспарда бар екенін атап өтті.

«Біз тұрғын үйді үздік басқару тәжірибесіне байқау жариялаймыз. Оған осы саладағы көптеген қатысушылар шақырылмақ. Олардың ішінде жеке компанияларда, ПИК өкілдері де болады. Байқау жеңімпаздары Германияда білім алу мүмкіндіге ие болып, тұрғын үй басқарудағы неміс тәжірибесін игереді», – деп хабарлады Йоханн Штрезе.

Жиын барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы мен «Ашық тариф» қазақстандық қауымдастығының басшылары да өз ойларын ортаға салды.

Қазақстан тарапынан серіктес «Атамекен» болғаны көңіл қуантады, демек, осы бағыттағы көп мәселе шешімін табады. Бұл салаға сенімді заманауи компаниялар қажет. Менің ойымша, Тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығына екі деңгейлі жүйе енгізілуі  жөн. Біріншіден, бір үй – бір кондоминиум – бір Пәтер иелерінің кооперативы. Екіншіден, қалалық ықшам аудан деңгейінде басқарушы компанияларды МЖӘ жобасы негізінде құру қажет», – деп ұсынды  «Ашық тариф» қазақстандық қауымдастық Төралқасының төрағасы Петр Своик. 

Жобаның мақсаты: басқарушы, қызмет көрсетуші, сервистік және басқа да компаниялар міндетін жақсарту, аталмыш ұйымдардың өз қызметін жоғары деңгейде атқаратын адал ұйымдардың мәртебесін нығайту, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға қолайлы жағдай жасау.

 Шара соңында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов қатысушылардың қызығушылық танытқандарына алғыс білдіріп, жұмыс барысына белсенді атсалысуға шақырды.

«Бірінші кезекте нарыққа қатысып отырған тараптарды анықтап алу маңызды, орын алған мәселелерді де анықтап, жүйелеу қажет. Басқарушы компаниялар, сервистік компаниялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтар өкілдерін жобаға белсенді араласып, өз ұсыныстарын білдіруге, жұмыстың басынан бастап мәселелерді шешуге атсалуға үндеймін», – деді Елдос Рамазанов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір