• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:28:04
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2019 Спорт

"Конордың өмірінде маңызды сәт туды"

Егер қорқынышын тыйып, Нурмагомедовты жеңе алмаса, бұл өмір соңына дейін маза бермейтін болады

Америкалық белгілі актер Сильвестр Сталлоне ирландиялық Конор МакГрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың қарсылығына қатысты өз ойын айтты, - деп   Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Чемпионат.com" сайтының дерегін негізге ала отырып хабарлайды.

 "Қазір Конордың өмірінде маңызды сәт туды. Егер қорқынышын тыйып, Нурмагомедовты жеңе алмаса, бұл өмір соңына дейін маза бермейтін болады. Жеңілмейтіндей көрінетін қарсыласынан үстем болу қажет. Конор бірінші жекпе-жекте өркөкіректік пен тәкәпарлық кесірінен жеңілді. Қарымта? Тамашалағым келеді. Өзін жеңіске толық арнай алатын жігітті көргім келеді", - деп келтіреді Сталлоне сөзін TMZ.

Өткен аптада екі салмақта UFC ұйымының чемпионы болған файтер Конор МакГрегор Майами қаласы Майами-Бич ауданындағы Fountainebleu қонақүйі маңында жанкүйердің смартфонын сындырғаннан кейін тұтқындалған болатын. Ирландиялыққа бұзақылық және ұрлық бабы бойынша айып тағылды. Осыдан кейін ол 12 500 доллар көлеміндегі кепілақыға босатылды. Іс бойынша тыңдау 10 сәуірде. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір