• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:33:53
Алматы
+35°

18 Шілде, 2018 Аймақтар

Kokjailau Challenge Хакатонының жеңімпазы анықталды

Алматыда Kokjailau Challenge Хакатонының финалдық кезеңінде «Smart Kokjailau» экологиялық жобасы жеңімпаз болып танылды

Алматыда Kokjailau Challenge Хакатонының финалдық кезеңінде  «Smart Kokjailau» экологиялық жобасы жеңімпаз болып танылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі digitalkz.kz сайтына сілтеме жасап.

Хакатонның жеңімпазы «Smart Kokjailau» экологиялық жобасының авторы Geek Partners компаниясының қолдауымен Сингапурдағы туризм саласындағы инновацияның қыр-сырымен танысып, тәжірибе жинауға жіберіледі. Ал екінші және үшінші орын иегерлері SAGE қауіпсіздік жобасы және Journey (виртуалды шындық бойынша нұсқаулық) жобалары ақшалай сыйақымен марапатталды делінген аталған сайтта. 17 шілдеде өткен тау курортының экологиясын және туристік әлеуетін жақсарту үшін цифрлы құралдарын ұсынған Хакатонның ақтық мәресінде стартаперлердің үздік жобасын анықтауға құрылған қазылар алқасы құрамында Almaty Travel Lab және VisitAlmaty орталықтарының басшылары болды. «Креативті технологиялардың, smart шешімдердің шығармашылық ортасында өмір сүріп жатқан жас кәсіпкерлерді, жас ғалымдарды, стартаперлерді осындай  жобаларды жасауға тарту бүгінгі күні ауқымды инфрақұрылымдық жобалармен жұмыс істеу үшін өте маңызды», – деді Almaty Travel Lab орталығының басшысы Рашид Дюсембаев. 

Хакатондағы басты тақырып - экология. Мәселені шешу үшін стартаперлер мен жоба әзірлеушілердің онлайн-режимде тау-шаңғы курортында ауаның сапасын және қоршаған ортаны қадағалау, ресурстардың тиімді пайдаланылуына мүмкіндік беретін smart-қызметтер ойлап табу көзделді.

Сондай-ақ, бұл марафонда көзделген мақсаттардың бірі курорттың маршруттары, экологиясы, флорасы мен фаунасы туралы келушілердің біліктілігін арттыруға бағытталған жоба дайындау болды.

Айта кетелік, цифрлық құралдар арқылы туристік әлеуетті дамытуға бағытталған, бұндай Хакатон осымен 5 мәрте өткізілуде. 
Бұл жоба VisitAlmaty ресми туристік ақпараттық орталығының, «Арман Аймағы» қоғамдық қорының және қаланың туризм және сыртқы қатынастар басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады.

Хакатон – ағылшынның hack және marathon сөздерінің қосылып дыбысталуынан туындаған интеллектуалды марафонның бір түрі, басты ерекшелігі қатысушылардың командалары 24 сағат ішінде ойлап тапқан идеядан прототипке көшуі. Соңғы жылдары Хакатонды тек бағдарламашыларға ғана емес, басқа да салаларда атап айтатын болсақ дизайнерлерге, маркетологтарға және басқа профильді мамандардың арасында жиі ұйымдастырылып келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір