• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:52:50
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2019

Kaspi.kz: Автокөлік ұтамын деп алаяқтың арбауына түспеңіз!

Жеке мәліметтеріңізді хабарлама ретінде жолдамаңыздар. Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін тек ресми ақпараттарға жүгініңіздер

Каспи банк ұйымдастырған акциялар тек ресми парақшасында жарияланады. Бұл туралы қаржы институтының баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы күндері Instagram-да Kaspi-дің атынан автокөлік ұтысын ұйымдастырған парақша пайда болған. Банктің ресми өкілі оның жалған екенін айтып, халықты мұндай хабарландыруға сенбеуге шақырды.

«Бұл — жалған ақпарат. Банктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы біреу ғана — @kaspi.kz. Тек сол жерде біз жаңалықтармен бөлісіп, пайдалы кеңестер мен акциялар жайында хабарлайтын боламыз»,- дейді банктің баспасөз қызметі. Жеке басқа қатысты мәліметтерді күдікті парақшаларға жолдамауды ескерткен банк өкілдері халықты сақ болуға шақырады. «Ресми атауы көрсетілмеген, белгісіз парақшалар ұйымдастыратын байқауларға қатысып, жеке мәліметтеріңізді хабарлама ретінде жолдамаңыздар. Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін тек ресми ақпараттарға жүгініңіздер»,- дейді Kaspi bank өкілі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір