• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:44:50
+35°

12 Желтоқсан, 2018 Фото-баян

Осыдан біраз уақыт бұрын қытайлық фотограф Лу Гуан із-түссіз жоғалып кеткен еді. Алайда Қытай билігі бұл туралы ешқандай пікір білдірмеді. Қазіргі таңда Гуанның жұбайы Сюй Сяоли күйеуін 3 қазанан бастап көрмегенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі lifter.com.ua сайтының дерегін негізге алып. 

Гуан

23 қарашада Лу Гуан Шыңжаңның астанасы Үрімші қаласына бірнеше фотографқа арналған шараға қатысу үшін барады. Кейін ол Чен есімді досымен кездесіп, қайырымдылық шарасына қатысу үшін Сычуань қаласына ұшып баруды жоспарлаған. Алайда Чен аяқ астынан Гаунды таба алмаған.

Кейін Чен Гуанның әйеліне хабарласады. Алайда әйелі де ешқандай мәлімет білмейтінін айтқан. Кейін Гуанды өздерін ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз адамдар алып кеткендігі анықталды. Сондай-ақ жергілікті офицерлер бұл ақпаратты растаған.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметіне сәйкес, Шыңжаңдағы жайттар қазіргі уақытта жиі талқыға түсуде. Бұл қала өте қатыгез тәртіп пен полиция қызметкерлерінің өз қызметін асыра пайдалануы тұрғындардың наразылығын тудыруда. Қытай билігі өздеріне қатысты қандай да бір жағымсыз ақпараттың да, сол ақпаратты таратқан адамның да көзін жоюға әзір.

Лу Гуан өзінің соңғы сұхбаттарының бірінде Қытай туралы мынындай пікір білдірді: «Қытайдың шынайы бейнесін ешқашан біле алмайсыздар. Егер біле қалсаңыздар сіздің өміріңізге қауіп төнуі мүмкін. Сізді ешкім құтқара да алмайды. Себебі қағазға жазылған, заңмен бекітілген арнайы тәртіп жоқ».

Оның «Даму әрі ластану» атты суреттер сериясы Қытайдың индустрияландыру кезіндегі экологияға келтірген зияндарын ашық түрде көрсетеді.

Өндірістік аймақтағы адамшошырлық суреттер. 

Қытай

Қытай қазіргі таңда әлемдегі алпауыт елдердің қатарында. Әлемдік деңгейде жоғары жетістіктерге жеткен ел. Алайда билік өз халқын құрбан етті. Қанша дамыған елдің қатарына кіріп, экономикасы шарықтап дамыса да қара халықтың жағдайы өте төмен деңгейде. 

Қытай

Қытай

Балалар өндірістік алаңда тұрып жатыр. Қытайдың экономикалық дамуы көптеген энергияны қажет етеді әрі қоршаған ортаның ластануына әкеліп соғады.

Қытай

Лу Гуан бұл сурет үшін 2004 жылы World Press Photo марапатын жеңіп алған. Сол жылдары Қытайда 678 адам ВИЧ жұқтырған. 200 адам жұқпалы дерттің салдарынан қайтыс болды.Қытай

Мына әйел ауыр дертке шалдыққан баласын көтеріп алған. Құдайдан "баламның орнына менің жанымды ал", деп жалбарынып тұрғандай. 

Қытай

Мүгедектікке шалдыққан қытайлық балалардың ауыр тағдыры.

Қытай

Сал ауруға шалдыққан балалар еденге төгілген сүт ұнтағын жеуге мәжбүр. 

Қытай

2010 жылы ауаның ластануының кесірінен 1,2 млн адам мезгілсіз өмірден өтті. 

Қытай

Елде рак ауруына шалдыққандардың саны күн санап өсіп келеді. Бұл жеткіншек те рак ауруына шалдыққандардың бірі. 

Қытай

Қытайдағы 10 қаланың жетеуі ең лас қалалардың қатарына жатады. 

Қытай

Өнеркәсіптік ағын суды ластайды, ол ішуге жарамсыз болып келеді.  Baotou Steel зауыты минералды өңдеуден кейін ағынды суды сақтау орнына жіберіледі.

Қытай

Химиялық және тау-кен өнеркәсібінің қалдықтары топырақтың ластануына әкеледі. Жергілікті тұрғындар үшін тыныс алудың өзі қиынға соғып жатыр. 

Қытай

Көптеген қалаларда жер асты сулары фенолдар, цианид, сынап, мышьяк қосылыстарымен ластанған.

Қытай

Ең кең таралған кірпіш тоқыма өндірісінің бірі - джинсы өндіру. Күн сайын қызметкерлер химиялық заттарды дем алады.

Қытай

Жер асты суларының көп тұтынылуына байланысты он шақты қалалар құрдымға кеткен. 

Қытай

Ер адам өз әйелінің қолында өмірден өтті. 

Қытай

Жылына 750 мыңнан астам адам қайтыс болады. Сондай-ақ 60 мыңға жуығы ластанған ауыз судың кесірінен құрбан болғандар. Адамдар асқазан-ішек ауруларынан, бауыр мен бүйрек жұқпалы ауруларынан өледі.

Қытай

Қытайлар зиянды жұмысқа жегіліп, күнделікті нан табу үшін өз денсаулықтарынан айырылады. Кейін медициналық көмекке зар болып отырады. Тапқан-таянғанын дәрі-дәрмекке жұмсайды. Бұл отбасы дәрі-дәрмек үшін үйіндегі барлық бағалы заттарын сатып жіберген.

Қытай

Жас қыз қыстың күні қолын осылай ғана жылыта алады. Оның әкесі ВИЧ ауруын жұқтырса да өзінің 5 баласын және қарт ата-анасын асырайды.

Қытай

Сіңілілер СПИД-тен қайтыс болған 6 жасар бауырының жерлеуіне дайындалуда.

Қытай

Бұл елде адамның құны көк тиын. Адамдардың күнделікті жоғалуы қалыпты жағдайға айналған. Ал сыртқы жағынан қарағанда Қытай әлемді аузына қаратқан алпауыт ел. Бірақ елдің дамуы үшін қарапайым адамдар құрбан болып жатыр. Дамыған мемлекеттің шынайы бет-бейнесі осындай. Бір кем дүние...

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір