• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:43:33
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2019 Әлем

ІІМ қызметкерлеріне көркем әдебиет пен президентің кітаптарын оқу міндеттелді (видео)

Ресми деректерге сүйенетін болсақ, кітапханалар ішкі істер басқармалары мен бөлімдерінде ашылатын болады.

Тәжікстанның ІІМ қызметкерлеріне көркем әдебиет пен президенттің кітаптарын оқу міндеттелді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі currenttime.tv сайтының дерегін негізге алып. Бұл туралы Тәжікстанның ІІМ Рамазан Рахимзона мәлімдеді. 

Ресми деректерге сүйенетін болсақ, кітапханалар ішкі істер басқармалары мен бөлімдерінде ашылатын болады. 

ІІМ қызметкерлері кітапханаға арнайы тәртіппен барады. Кітапханаға келген әр милиция қызметкерінің аты-жөнін, қашан қандай кітап алғаны туралы тізім жасалады Сол арқылы әр ай сайын кімнің қандай кітап оқығаны туралы есеп беріледі екен. Сондай-ақ милиция қызметкерлерінің газет-журнал немесе басқа жанрдағы кітаптар оқуы есепке алынбайды. Олар тек көркем әдебиет пен президент Эмомали Рохманның кітабын оқуы қажет. 

Сонымен бірге тәжік милициясы ағылшын және орыс тілін жетік меңгеру міндеттелген. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір